Сауапты іске атсалыс!
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 12:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сауапты іске атсалыс!

30 Марта 2017 (17:26) | 1867 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен өңірде «Мейірім» қайырымдылық айлығы өтіп жатыр. Бір ай бойы тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және медициналық көмек көрсетілмек. Шапағаты мол шараға облыстың кез-келген тұрғыны қатыса алады.

 

«Мейірім» қайырымдылық айлығы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері жергілікті депутаттармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтаудағы көмекке аса мұқтаж жеті отбасына барды. Алдымен Оразгүл Бақтыбаеваның шаңырағына бас сұқты. Оразгүл Бақтыбаеваның төсек тартып жатқанына үш жылдың жүзі болған. Науқас анасын жалғыз қызы бағып отыр. «Анамның жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Әлсіз. Анам осындай жағдайға алаяқтардың кесірінен жетті. Біреулер анамды алдап, үйімізді тартып алды. Содан бері денсаулығы нашар. Қазір үй жалдап отырмыз. Жалғыз өзім жұмыс істеймін. Дәрі-дәрмекке ақша жеткізе алмаймыз. Ал, анама шетелде ем алу қажет»,-деп Бақыт үйіне келген жандарға мұңын жеткізді.

 

Емхана қызметкерлері төсек тартып жатқан науқасты толық тексеруден өткізді, қан талдауын жүргізді. Ал, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Шамсадин Гусейнов Оразгүл Бақтыбаеваға оттегі аппаратын алып беретін болды. Сондай-ақ баспана мәселесі мен ем алу ісін қалалық мәслихаттың кезекті жиынында көтеріп, мүмкіндігінше қолұшын беруге уәде етті.

 

«Қоғамдық келісім» КМК басшысы Амангүл Жайылханова аталған қайырымдылық шарасына өңірдегі кез-келген ұйымның, тұрғынның атсалыса алатынын айтты. «Қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолұшын беру – сауапты іс. Сауапты іске бір болып тасалысайық. Егер тұрмысы төмен отбасылардың тізімі қажет болса Ақтаудағы «Достық» үйінен алуға болады»,-деді А.Жайылханова.

 

Қайырымдылық шарасына үлес қосып жүрген бұл топ бір ай бойы өңірдің барлық ауданын аралап, көмекке зәру 50 отбасыға жәрдем бермек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему