Түнгі уақытта өрт сөндірушілер облыстық ауруханадағы науқастарды құтқарды
29 Мая 2019 (09:21) | 2414 | Автор: Нурганым Имашева
Адамдар көп шоғырланған ғимараттарда төтенше жағдайларды еңсеру дайындығын пысықтауға арналған өрт-тактикалық оқу-жаттығу Ақтау қаласындағы облыстық ауруханада өтті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
-Жаттығудың түпкі ойы бойынша, жертөле қабатындағы техникалық бөлмесінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы нәтижесінде өрт шығып, өрттің бірінші қабатқа және ғимараттың дәлізіне таралу қаупі туындады.
Шақырту алғаннан кейін, аурухананың кезекші қызметкері өрт туралы хабарлау жүйесін қосып, өрт сөндірушілерді шақырып, аурухана қызметкерлері мен науқастарын ғимараттан қауіпсіз орынға көшірілу басталды.
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының кезекші диспетчері ауруханадағы өртке байланысты Ақтау гарнизонының өрт сөндіру қызметін жоғары шақыру дәрежеге көтерді. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер шартты түрде жанып жатқан ғимараттың жанында болды. Жағдайды бағалай отырып, өрт сөндірушілер диспетчерге III жоғары шақырту нөмірін растады. Диспетчер өртті сөндіруге қосымша резервтік күштерді тартты.
Өрт сөндірушілер барлау іс-шараларын жүргізіп, жану ошағын тауып, сөндіруге кірісті. Қосымша келген автоцистерналар гидранттарға орнатылып, бұрын келген техниканы толтыру үшін магистралды желілерді созды. Өрт сөндірушілер өртті тоқтатып, ғимараттың бірінші қабатын оттың таралуынан қорғады- дейді Қызметтің баспасөз қызметі.
Келесі шақырту келіп түсті: 4 қабаттағы палатада науқастар бар, олар өздігінен шыға алмады, тезарада автосаты орнатылып, зардап шегушілер құтқарылды. Зардап шегушілер төмен түсіріліп, оларға Апаттық медицина орталығының дәрігерлері жәрдем берді.
Оқу-жаттығуға 78 жеке құрам сарбазы және 13 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему