Батыстық ұландықтар чемпионатта үздіктер қатарынан көрінді
12 Октября 2026 (11:36) | 1
|
Автор: Редакция
Алатау қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында әскери үшсайыс, жеңіл атлетикалық кросс, қашықтыққа жүгіру және жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша чемпионат өтті. Дүбірлі додаға жеті команда құрамында 60-қа жуық әскери қызметші қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар дене дайындығы мен жауынгерлік шеберліктерін сынға салып, қашықтыққа жүгіру, жауынгерлік қарудан дәлдікпен оқ ату және кедергілерден өту кезеңдерінде бақ сынады. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Жарыс жоғары дайындықты, төзімділікті, шапшаңдық пен дәлдікті талап етті. Батыстық ұландықтар барлық кезеңде табандылық танытып, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Барлық командалар тыңғылықты дайындықпен келген. Біздің жігіттер мен қыздар да команданың жеңісі үшін бар күш-жігерін салды. Бірінші орынға қол жеткізуге сәл ғана жетпей қалдық. Алдағы жылы бұдан да жақсы дайындалып, чемпионаттың жеңімпазы атануды мақсат етіп отырмыз, – деді спорт және дене даярлығы қызметінің бастығы лейтенант Хамит Дузбатиров.
Аталған чемпионат әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдап қана қоймай, олардың жауынгерлік машығын жетілдіруге, командалық бірлігін нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берді.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz





