Маңғыстаулық  құтқарушылар  Елбасы  мақаласын талқылады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар Елбасы мақаласын талқылады

21 Апреля 2017 (13:09) | 1378 | Автор: Мира Ботабекова

 

         «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі»   ШЖҚ   РМК  Маңғыстау филиалында мемлекет   басшысы   Нұрсұлтан  Назарбаевтың   «Болашаққа  бағдар:  рухани   жаңғыру» мақаласын   талқылауға  арналған   дөңгелек   үстел  болып өтті. Таяуда ғана  «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасымыздың мақаласымен танысып, өздерінің ой-пікірлерін жеткізуге асыққан   құтқарушылардың  басқосуына  Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман мен  «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық   филиалы   төрағасының   І  орынбасары  Нұри  Тумышев  қатысты.

           «Болашаққа   бағдар: рухани  жаңғыру» - бүгінде   қазақстандықтардың   ғана  емес, әлемнің   көптеген  мемлекеттерінің  өкілдерін толғандырып отыр.   Маңғыстаулық құтқарушылар да Елбасының  маңызды   мақаласына қатысты  өз пікірлерін айтып, еліміздің рухани жаңғыруы жайында  ойларын  жеткізді. Солардың бірі - «Кәсіби әскерилендірілген  авариялық-құтқару  қызметі» ШЖҚ   РМК  Маңғыстау филиалының  жетекші  инженері  Ержан Атшыбаев. 20 жылдан бері мұнайгаз кен  орындарындағы  өнеркәсіптік  қауіпсіздікті сақтап,  авариялық  құтқару қызметінде  тер  төгіп  келе  жатқан  ол  ҚР  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар: рухани   жаңғыру»   мақаласын мұқият  оқығанын  айтады. 

-           Қазір  Қазақстанды  бүкіл  әлем біледі. Экономикамыз дамып, әлеуметтік ахуалымыз  жыл  санап   жақсаруда. Әрине, енді рухани құндылықтарымызды  қадір  тұтып,  ұлттық   болмысымызды  сақтау үшін жұмыстанатын  кез  келді.  Елбасының мақаладағы барлық бастамаларын  қолдаймын,  сондай-ақ, ондағы міндеттерді бірігіп атқаруға бәріңізді шақырамын,-деді «Кәсіби әскерилендірілген  авариялық-құтқару  қызметі»   ШЖҚ   РМК  Маңғыстау филиалының  жетекші  инженері  Ержан  Атшыбаев.

      Жақында  Маңғыстау   филиалынан  абыройлы  еңбегімен   зейнеткерлікке шыққалы отырған құтқарушы Александр Мишин да мақаланың  орысша  нұсқасымен  танысқан.

-          Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көрегенділігі мен білімділігін, қазақ елінің болашағы үшін қам жеп, келешек ұрпақтың жәйін ойлайтындығын  тағы да көрсетті. Тілі жатық, сөзі жұмсақ маңызды құжаттағы ойлар мен жоспарлар көңілге қонымды,-дейді  «Кәсіби әскерилендірілген  авариялық-құтқару  қызметі»   ШЖҚ   РМК  Маңғыстау филиалының  құтқарушысы Александр Мишин.

            Ұжым   мүшелерінің  қызу талқылап, мақалаға деген оң көзқарастарын  белсене  білдіргенін  көрген  «НұрОтан» партиясы Маңғыстау облыстық  филиалы  төрағасының   І  орынбасары  Нұри Тумышев  ашық  пікір  алаңы  форматында  өткен  дөңгелек  үстел  жұмысына  жоғары  баға берді.

-          Өнеркәсіптік  қауіпсіздікті    қамтамасыз  етіп,  апаттардың алдын алумен айналысатын  құтқарушылардың Мемлекет басшысының мақаласына  бейжай    қарамай,  Ел  болашағы,  ұлттың   ертеңі   жайындағы  пікірлерін   белсенді  білдіріп,  қолдау  көрсетіп жатқаны қуантарлық,-деді Нұри Тумышев.

        Ұлттық  болмысты ойламай, ішкі жан-дүниенің рухани байлығына үңілмей,  экономиканы  дамытуға  күш салу мүмкін емес. Адам өз жанына үңілу  арқылы  бүкіл  әлемді  өзгерте  алады.

-          Елбасы дұрыс әрі орындауға мүмкін мәселелерді алға қойып отыр. Меніңше, бұл тапсырмаларды атқаруға күшіміз толық жетеді деп сенемін,- «Кәсіби әскерилендірілген  авариялық-құтқару  қызметі»   ШЖҚ   РМК  Маңғыстау  филиалының  директоры  Байшылық  Сарман.

         Маңғыстаулық  құтқарушылар Елбасымыздың «Болашаққа  бағдар: рухани   жаңғыру»   мақаласының  жарық   көруін   тарихи сәттегі  жаңалыққа  балап,  бірауыздан  қолдайтындықтарын   жеткізді.

 «Кәсіби әскерилендірілген 

авариялық-құтқару  қызметі» ШЖҚ  РМК

   Маңғыстау филиалының

баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему