Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы әйел
23 Мая 2019 (10:02) | 5602 | Автор: Нурганым Имашева
Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер - тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Егер адамның биологиялық, әлеуметтік, саяси, психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екендігін ескерсек, шындығында ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды. Осы тұста, «тең» деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей» деген ұғыммен алмастырып алады.
Жылдан-жылға гендерлік білім беру жас ұрпақтың толыққанды тұлға ретінде қалыптасуында өзіндік оң нәтижесін беріп келеді. Бірақ бұл әйелдерге немесе ерлерге толыққанды абсолютті еркіндік беріп, жауапкершіліктерін алып тастау дегенді білдірмейді, керісінше, қоғамдағы биологиялық-психологиялық болмысын және мәртебесін сақтай отыра игілікті-оңды, болмыс тағайындаған дәрежедегі тиісті парыздарын күшейте түсуі тиіс. Бұл екі тарапқа да бірдей қатысты мәселе. Жастарға гендерлік білім берудің басты мақсаттары мен күтетін нәтижелердің маңыздысы да осы.
Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде,кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұрын «Әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, қазіргі таңда ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы қабылданды және ҚР Президенті жанындағы отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы бекіткен «Гендерлік теңдік» стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған. Гендер бұл - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі кезде азаматтық қоғамда ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде,кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Әйелдер отбасында әртүрлі қызмет атқарады, оны саясатпен байланыстыру өте қиын, бірақ мүмкіншілік бар. Олар отбасының бір мүшесі, үй шаруашылығында қызмет етеді, негізгі жұмысы бала күтімі болып табылады. Біз әйелдер үлкен ерік-жігердің, күштің, шыдамдылықтың иесі екендігін көре аламыз, ал енді саясатта айналысу олардың қолынан саясатпен айналысу келмейді деп айта алмаймыз.
Сонымен қатар зерттеулерге сүйенсек, лидер әйелдердің стилі ер адамдарға қарағанда өзгеше: әйелдер-сайлаушылардың мұқтаждықтарына сезімталдықпен қарайды, компромиске келуге бейім, саяси жұмыстарда мәселені шешуде демократияшыл. Ал лидер ер адамдардың стилі иерархиялығымен,технократиялығымен ерекшеленеді.
Замира Махитова
Жаңаөзен қалалық сотының судьясы
Суреттер m.news.yandex.kz , baribar.kz, semeyainasy.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему