Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 14:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді

11 Марта 2018 (22:05) | 2564 | Автор: Нурганым Имашева

23-25 наурыз аралығында облыс орталығындағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде дзюдо күресінен «Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған халықаралық турнир жалауын желбіретпек. Аймақта екінші рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен және көршілес Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия мемлекеттерінің 2001-2003 және 2004-2006 жылы туған балуандары қатысады деп күтілуде.

 

 

 -Жарыстың салтанатты ашылуы  24 наурыз күні түскі сағат 12:00-де 33 шағынаудандағы  «Маңғыстау арена» спорт кешенінде өтеді.

 

 Жарысқа қатысушы ұлдар мен қыздар 20 салмақ дәрежесі бойынша белдесетін болады. Жалпы жыл басынан бері біздің спортшылардың бағындырған белестері жаман емес.

 

 Ақпан айында Бакуда дзюдодан оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған болатын. Шара аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттерінің қатысуымен өткен халықаралық жарыста 42 келі салмақта Нұрсұлтан Жұбатқан мен 55 келі салмақта Мерей Мархамбаетов алтыннан алқа тағып, үмітімізді ақтады.  46 келі салмақта Ержігіт Тәжімұрат қола медальдің иесі атанды.

 

Одан бөлек дзюдошы қыздарымыз да Ақтөбе, Талдықорған қалаларында өткен жарыстарда топ жарып, жақсы нәтиже көрсете білді.

 

 Бұл жетістіктеріміздің қатары облыс орталығында ұйымдастырылатын халықаралық турнирдің жақсы нәтижесімен толыға түседі деп сенеміз,-дейді облыстың дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында аға бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Сонымен қатар халықаралық жарыс аясында 26-28 наурыз аралығында Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған самбодан «Ақтау кубогы» халықаралық турнирі де ұйымдастырлмақ.

 

-Қос жарысқа дайындық жоғары деңгейде қолға алынған. Жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін облыстық спорт басқармасы, облыстық дзюдо федерациясы, «Иса-Досан» ұрпақтары мен облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де атсалысуда,-дейді облыстың самбодан кіші жасөспірімдер арасында аға бапкері Ерлан Серіков.

 

Айта кету керек, жарысты спорт жанкүйерлері 24-28 наурыз күндері 33 шағынаудандағы  «Маңғыстау арена» спорт кешенінен тамашалай алады.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему