Түпқараған ауданында білім беру орындарының өрт қауіпсіздігіне арналған шара ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 20:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданында білім беру орындарының өрт қауіпсіздігіне арналған шара ұйымдастырылды

21 Мая 2019 (20:01) | 2039 | Автор: Нурганым Имашева

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен Форт-Шевченко қаласындағы аудандық білім үйлестіру орталығының акт залында білім беру мекемелерінің басшыларымен «Білім беру орындарының өрт қауіпсіздігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Дөңгелек үстелге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, аудандық білім бөлімінің және білім беру (мектеп, бала-бақша) мекемелерінің басшылары қатысты.

 

Жиында 2019 жылдың 1 жартыжылдығына арналған тексерулер жоспар-кестесіне сәйкес аудандық ТЖБ-мен Түпқараған ауданының білім беру нысандарына өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілген тексерулер қорытындылары талқыланып, өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған негізгі кемшіліктері түсіндірілді. Аудан бойынша жалпы 33 білім беру орналасқан, оның ішінде 10 орта білім беретін орындар (мектеп, лицей, гимназия), 21 балабақша (11 үкіметтік және 10 жекеменшік), 1 колледж және 1 білім үйлестіру орталығы ғимараттары бар.

 

 

Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында білім бөліміне қарасты 28 білім беру ұйымдарына ерекше тәртіп бойынша өрт-қауіпсіздік жағдайына тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 188 өрт қауіпсіздік ережелері мен нормаларының бұзушылықтары анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 410 бабы 1 бөліміне сәйкес 10 лауазымды тұлғаға ескерту, 1 лауазымды тұлғаға 25 250 теңге, 13 заңды тұлғаларға 555 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

Аудандық ТЖБ қызметкерлері тарапынан мекеме басшыларына білім беру орындарындағы өрт қауіпсіздік ережелерін, келе жатқан 25-мамыр соңғы қоңырау кезіндегі сақтық шараларын, сонымен қатар мектеп жанынан ашылатын жазғы сауықтыру лагерьлері кезінде балалардың судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Атқарылған шараға жергілікті БАҚ-нан «Ақкетік арайы» газетінің мамандары жұмылдырылды.

 

 

Н.Альджанов

Түпқараған ауданының ТЖ Бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау майоры

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему