Маңғыстаулық құтқарушылар төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындықтан өтті
Курс валют в Актау
на 26/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
26 Декабря, 17:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындықтан өтті

4 Февраля 2020 (09:20) | 1993 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлеріне кәсіби дағдыларды жетілдіру және нормативтерді пысықтау қалыпты жағдай болып табылады.

 

 

Жуырда 1-МӨСБ базасында жылу-түтін камерасында Қызметтің офицерлік құраммен сабақ өтті. Газ-түтіннен қорғаушының тәжірибелік іс-әрекеттерін пысықтау және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында, байланыс құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын бекіту өрт және төтенше жағдайлар болған жағдайда, құтқарушылардың сауаттылығы мен кәсібилігіне адамдардың өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқару тәуелді болатын нақты іс-әрекеттердің негізі болып табылады.

 

 

Құтқарушылар «Лабиринт» деп аталатын күрделі жүріс тізбегінен өтуі тиіс, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс жүргізуге және жабық үй-жайда бағдарлау дағдыларын жетілдіруге, көпірлер, тар жолдар, шатырлар сияқты өтуге қиын жерлерді имитациялау барысында орнатылған. Сабақ барысында жылу-түтін камерасында өрт туралы дыбыс сиренасы және адамдардың көмек сұрау туралы дауыстары естілді, бұл эмоциялық салада белгілі бір жүктемеге алып келеді. Гарнизонның басшылық құрамынан жылу-түтін камерасында барлығы 60 газ-түтіннен қорғаушылар сабақ өтті.

 

 

Жылу-түтін камерасындағы жаттығу газ-түтіннен қорғаушыларды жоғары температура мен ылғалдылық жағдайында жұмысқа қабілеттіліктің қажетті деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін жылумен бейімдеуді ұстап тұруды әзірлеуге арналған.

 

-Жаттығудың міндетті шарты – жаттығуларды орындау мерзімділігі мен кезектілігін қатаң сақтау. Бұл газ-түтіннен қорғаушылардың қажетті жылумен бейімделу деңгейіне жылдам қол жеткізуге, сондай-ақ олардың жылу-түтін камераларында сабақ өткізуге мүдделілігін сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

Жылу-түтін камерасындағы жаттығулар өрт сөндірушілердің төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған. Осындай жаттығулар барысында газ-түтіннен қорғаушылар кәсіби дағдыларды жетілдіреді және білім мен іскерлікті тәжірибеде дұрыс қолдануды үйренеді.

 

Жылу-түтін камерасы – күрделі инженерлік-техникалық ғимарат болып табылады, онда газ-түтіннен қорғаушылармен оқу міндетін орындау және бағдарлау айтарлықтай қиындық тудырады.

 

 

Төтенше жағдайларда газ-түтіннен қорғаушылардың еңбек қауіпсіздігі мен табыстылығы жылу-түтін камерасында жүргізілетін дұрыс ұйымдастырылған тәжірибелік дайындықпен айтарлықтай жоғарылауы мүмкін,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему