Маңғыстау облысында Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады
8 Июля 2020 (14:39) | 2547 | Автор: Редакция
Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау кеше, яғни 7 шілдеде басталды. Құжаттарды қабылдау онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге немесе g.kamysbaeva@atameken.kz , ұ.т: 87014742826 хабарласуға болады.
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының азаматы болу;
• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
• өңірде жария тұлға болу;
• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
• бизнесінің тарихы оң болуы;
• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
• Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.
Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.
Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан да алуға болады.
Маңғыстау облысы бойынша ұ.т: 87014742826.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему