Мұнайлыда заңсыз жүрген 19 қытай азаматы елден шығарылды
7 Ноября 2016 (18:21) | 2312 | Автор: Нурганым Имашева
Мұнайлы ауданының аумағында заңсыз жұмыс жасап, нәпақасын айырып жүрген 19 Қытай азаматы ұсталды. Олар Мұнайлы ауданында орналасқан «МНСК Синопэк Казахстан» ЖШС мекемесінде заңсыз жұмыс істеген.
Тексеру барысында олардың қолында Қазақстан Республикасына келіп, жұмыс жасауға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты. Барлығы да соттың шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.
- Облыстық прокуратура органдары және Маңғыстау облыстық ІІД-нің көші-қон полиция басқармасымен жүргізілген тексеру барысында Мұнайлы ауданында орналасқан «МНСК Синопэк Казахстан» ЖШС мекемесінде заңсыз жұмыста жүрген 19 Қытай Халық Республикасының азаматтары ұсталды.
Жоғарыдағы ҚХР-нің азаматтары Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бапта көзделген жаза бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді, - дейді Мұнайлы ауданы прокуратурасының прокуроры Анвар Қасымов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему