Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына награда табысталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына награда табысталды

22 Октября 2020 (09:30) | 3397 | Автор: Нуркен Тажибай

Ақтау гарнизонында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан аға сержант Жолдасжан Эрешбаевты марапаттау рәсімі өтті. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап әскери қызметші коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда болды.

 

 

Аға сержант өзінің әскери бөлімінде дезинфекциялық топтың құрамында Ақтау қаласының аумағын өңдеумен айналысты. Басқа әріптестері сияқты өңдеу жұмыстарын күн сайын жасады. Алайда, қауіпсіздік шараларына қарамастан, қауіпті вируспен күресуге қатысқан әскери қызметші науқастанып, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде COVID-19-дан қайтыс болды.

 

 

Еске алу рәсімі барысында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев Қорғаныс министрінің аға сержантты «Ел қорғаны» медалімен марапаттау туралы бұйрығын оқыды. Әскери қызметшінің марапаты оның жұбайына табысталды. Марқұмның артында бес перзенті қалды.

 

 

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, ол қызметте өз ісінің лайықты маманы болған. Әрқашан жоғары жауапкершілікпен және тәртіптілікпен ерекшеленіп, жауынгерлік даярлықта жақсы нәтижелер көрсеткен. Достары мен таныстары оны басқаларға жанашыр, қамқор адам ретінде еске алады

 

Фото Ақтау гарнизонында

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему