Жаңаөзенде қыздар басқосты
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде қыздар басқосты

4 Мая 2019 (08:51) | 2519 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласында «Қыз жолы» жобасы аясында «Бекен» жас көшбасшылар достастығы мен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Қыз жолы» қыздар конгрессі өтті.

 

 

«Бекен» жас көшбасшылар достастығының басшысы Мұқаш Ураловтың мәлімдеуінше, «Жиынның басты мақсаты – қыздар арасында әлеуметтік мәселелерді талқылау, жасөспірімдер арасында неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар, мектеп бітіруші қыздарға кәсіптік бағыт – бағдар беру».

 

Қыздар конгрессінің отырысы үш бөлімнен тұрды, олар – білім және медицина мамандарының кеңесін қамтитын «Маман кеңесі», қыздарымызбен сыр шертер, құпия бөлісуді көздейтін «Өмірлік бағдар» және білгенімен бөлісуді мақсат тұтатын «Білгенге маржан» бөлімдері.

 

 

Аталған жиынның «Маман кеңесі» бөлімінде № 2 Жаңаөзен қалалық емханасының психолог маманы Нұрдәулетова Айсұлу Тәуекелқызы әлеуметтік мәселелерге тап болған жағдайда қыздардың алғашқы қадамдары жайында өмірлік кеңесімен бөліссе, аталған емхананың акушер-гинеколог дәрігері Тұрышова Динара Әбдірқызы ертежүктіліктің себебі мен салдарының алдын алу бойынша кеңінен ақпарат берді.

 

«Өмірлік бағдар» бөлімінде Жаңаөзен қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Гүлбарам Құдышқызы қыз бала мен ананың арасындағы байланыстың маңыздылығын сөз етсе, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Исаева Айсұлу Демепбергенқызы қыз тәрбиесінде қоғамның өзіндік жауапкершілігі болуы керектігін атап өтті.

 

 

Жиынның соңғы бөлімі – «Білгенге маржан» бөлімінде «Несібе» ет-сүт өнімдері дүкенінің негізін қалаушы, «Несібе» той ұйымдастыру орталығының басшысы Лепесбаева Мадина Іргебайқызы бүгінде келіндік міндетімен бірге кәсіпкер атануындағы жетістіктері жайлы ойымен бөліссе, «Тоффи торт» кондитерлік дүкенінің басшысы, көп балалы ана Қосжан Динара отбасы мен кәсіпті ұштастыру жайындағы кеңесімен бөлісті.

 

Жаңаөзен қаласының студент және оқушы қыздары бас қосқан шара соңында қатысушылар келген қонақтарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

Ұйымдастырушылар аталған шараға қолдау көрсеткен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығына, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасына, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығына алғыс білдіреді.

 

Суреттерді түсірген «Бекен» жас көшбасшылар достастығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему