Менің сыныптастарым
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 01:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Менің сыныптастарым

29 Апреля 2019 (12:18) | 11022 | Автор: Нурганым Имашева

Мектеп қабырғасында жүрген әрбір оқушының жүрегінде өз сыныбы, өз сынып жетекшісі, өз мектебі, өз досы туралы айтары бар.

 

 

Мен қазір М.Әуезов атындағы орта мектептің 10 сыныбында оқимын. Жетінші сыныпқа енді келгенімде, денсаулығым сыр беріп, Ресей елінде Новосібір қаласындағы ғылыми-зерттеу институты орталығында ауыр ота жасалды.

 

Сол кезде өмірге жаңа келген баладай болдым. Бар ауыртпалықты анам тартып, қасымда болды. Отадан кейін еңбектеп, одан тәй-тәй басып, аяғыма да мініп кеттім. Он бес күн дегенде елге оралдық.

 

Алғашқы кезде өздігімнен жүруім де қиын болды. Әрбір таңды көзіммен атырған сәттерім де артта қалды.

 

 

Сыныптастарым, сынып жетекшім Роза Қилыбаева апай апта сайын үйге келіп менің жағдайымды біліп тұрды. Сол жылы мен сабақты үйде оқыдым. Сыныптастарым сабақтан соң кезектесіп ұйымшылдықпен келіп, менің көңілімді көтеріп отырды. Сыныптағы, мектептегі болып жатқан жаңалықтарды айтып, жаңа сабақтардың тақырыптарымен мені таныстырып отырды.

 

Бірде мен мектепті, сыныпты сағындым деген соң, анам мені мектепке ертіп барды. Жайлап басып, үшінші қабатқа көтеріліп, үзілісті күте алмай 37 -кабинеттің есігін жайлап ашып қараған едім. Мені көрген сынып ду қол шапалақтап, бәрі өре тұрды. Сабақ беріп тұрған апай да не дерін білмей маған: «Кір, кір» дей берді. Денемнен бір тоқ өтіп кеткендей жылап жібердім. Бұл менің сыныптастарыма деген сағыныш жасы болатын. «Денсаулықтың қадірін, - ауырғанда, достың қадірін – қиналғанда білесің» деген рас екен. Осындай қиын сәтте қол ұшын берген сыныптастарыма, сынып жетекшім Роза Қилыбаева апайға алғысым шексіз.

 

Көп ұзамай сегізінші сыныпта қайта сабаққа оралдым. Сол кездегі менің куанышымда шек болмады. Сыныптастарымды, сынып жетекшімді өте жақсы көретінімді білдім. Ортаға қайта оралған маған сыныптастарым көп көмек жасады. Сыныптастарым таңертең сөмкемді мектепке дейін алып барса, енді бірі қайтарда үйге дейін әкеп беріп жүрді. Ал сынып жетекшім Роза апай барлық пән мұғалімдеріне менің жағдайымды ескертіп айтып, кітаптарды толық көтере алмайтынымды айтып жеткізіп отырды.

 

 

Сыныптастарым тіпті терезе ашарда да менен рұқсат сұрап, сыныпта қатты айқай- шу болса да менің жағдайыма қарап отырды. Сыныптастар қатты жүгірсе де бір -біріне маған тиіп кетпеңдер деп бір-біріне ескертіп отырды.

 

Алғашқы кезде дәрігерлердің рұқсатымен тек 4-5 сабаққа қатысып жүрдім. Белге салмақ түсіруге болмайтын болды. Сол кезде де сыныптастарым менің сөмкемді жүгіріп үйге дейін әкеп беріп жүрді. Әне-міне дегенше тоғызыншы сыныпты да бітірдік. Сыныптан біраз оқушы колледжге кетті.

 

Жаңа оқу жылы басталарда сыныпты бөліп жібермесе деп көп толқыдық. Дегенмен, біздің сыныпты үш сыныпқа бөліп жіберді. Өз сыныптастарымды, сынып жетекшім Роза апайды қимай басқа сыныпқа мен де кете бардым. Үзіліс кезінде бәріміз сыныптастар сағынысып бас қосамыз.

 

Мен 10 «Б» сыныбына түстім. Жаңа сыныптағы сынып жетекшіміз ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Раушан Қонарбаева апай да өте тамаша, білікті ұстаз. Бала жанының бағбаны.

 

 

Бұл сыныпқа алғашында үйренісе алмай жүрсем де, кейін келе сыныптастарыммен тіл табысып кеттім. Сыныбымызда 10 ер бала, 20 қыз бала бар. Біздің сынып ұйымшыл, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Оқыған әдеби кітаптары, көрген кинолары, болашақ мамандықтары туралы өзара пікір алысып отырады. Тіпті саясат туралы да сөз болады. Бір-бірімізден білмегенімізді сұрап үйреніп отырамыз. Бос уақытымызда мәдени орындарға, теңіз жағалауына бірге серуендейміз. Ұстаздарымыз да таңдаған мамандығымызға орай, бағыт-бағдар беріп отырады.

 

Бұл сыныптағы сыныптастарым сынып жетекшіміз Раушан апаймен бірлесе отырып, жиі қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, көп балалы аналарға, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді.

 

Біздің сынып мектепте өтетін шараларға да атсалысып, өз өнерлерін көрсетіп, сайыстарға да қатысады. Ер балаларымыз сегіз қырлы - бір сырлы. Қосымша сабақтарға да қатысуға уақыт табады. Сынып жетекшіміз Раушан апайымыз «Бос уақытыңды қалай өткізесің?», «Табиғатты аялайық!», «Мамандықтың бәрі жақсы» , «Үлкенді сыйлай білейік!» деген тақырыптарда қызықты сынып сағатын өткізіп отырады.

 

Мен өз сыныптастарымды, өз сынып жетекшімді мақтан тұтам.

 

Жазира КИКБАЕВА,

№20 М.Әуезов атындағы мектептің

10 «Б» сынып оқушысы,

Ақтау қаласы

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему