Кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
14 Сентября 2023 (13:23) | 2554 | Автор: Редакция
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау құзыреті аясында Түпқараған ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты қызмет алушы заңды тұлғаның шағымы қаралды.
Шағым иесі «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алудан бас тартумен келіспейтінідігі жазылған.
Қарау нәтижесімен, шағымда көрсетілген деректер өз дәлелін тапты.
Оның ішінде, өтініш иесінің мәселесі бойынша қолайсыз акт қабылдау барысында қанағаттандырудан бас тартуға алдынала негіздерге өз ұстанымын білдіру үшін тыңдау мүлдем өткізілмеген.
Тиісінше департаментпен Түпқараған ауданы әкімінің атына ұсыным хат жолданып, қызмет алушының өтініші қайта қаралып, қызмет көрсету нәтижесі берілді. Яғни, департаменттің араласуымен қызмет алушының заңды мүдделері мен бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
Бұған қоса, аталған заңбұзушылықтарға жол бергені үшін «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465 бабының 2 бөлігіне сәйкес, әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Осы тұрғыда қызмет алушылар назарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы біздің тарпапымыздан басты назарымызда екендігін және әрбір дерек бойынша жеке қатаң мән беріліп, қолданыстағы заңнамалар аясында міндетті түрде шара қолданылатындығын атап өтеміз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему