Ақтауда екі полиция қызметкерінің улануы тұрғындарды эвакуациялауға себеп болды
26 Апреля 2019 (18:52) | 1725 | Автор: Нурганым Имашева
25 сәуір күні 22 шағынаудандағы тұрғын үйлердің аулаларын аралап жүрген екі полиция қызмекері белгісіз химиялық заттектің жағымсыз иісінен өздерін өте жайсыз сезінген. Осыдан соң №16 тұрғын үйдегі адамдарды қауіпсіз жерге шығару жүргізілген.
-Облыс орталығының 22 шағынауданында «Учаске» жедел-профилактикалық шарасын ұйымдастыру барысында Ибрагим Кубегенов пен Сұңғат Суюбергенов есімді екі полиция қызмекері №16 тұрғын үйдің подъезінен жағымсыз иісті сезген.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жәрдем және Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандарын шақырған.
ТЖ Департаментінің қызметкерлері подъезд тұрғындарын пәтерлерінен тысқа шығарған. Пәтерлерді аралау барысында бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінен улы нәрсенің өткір иісі таралып жатқаны анықталған. Бұл пәтердің иесі кандаланы улаған. Көршілерінің ешқайсына бұл туралы ескертпеген.
Бұл оқиға туралы материалдар қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне берілді,- деп хабарлайды облыстық полиция Департаменті.
Суреттер market.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему