Сұңғат - тағы топ жарды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 20:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұңғат - тағы топ жарды

30 Мая 2016 (12:39) | 2042 | Автор: Нурганым Имашева

 

Оралда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында VІІ халықаралық турнир мәресіне жетті.

 

Жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 250 спортшы қатысты. Олардың арасында маңғыстаулық балуан, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің шәкірті Сұңғат Жұбатқан да бар.

 

Мықтылар бас қосқан байрақты бәсекеде жерлесіміз күміс медальді иеленіп, түбекке жеңіспен оралды.

 

Боз кілемге 66 салмақта белдесуге шыққан Сұңғат астаналық, қызылордалық, атыраулық балуандардың барлығынан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.

 

 

Финалда қызылордалық балуанға жол беріп, күміс медальді иеленді. Балуанды жарысқа аймаққа белгілі бапкер - Жомарт Қобланов дайындады.

- Биылғы жыл біз үшін табыстарға толы жыл болды. Сұңғат-мамыр айының басында Қарағанды өңірінің Сәтпаев қаласында академик Қаныш Сәтпаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен Халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты.

Одан бөлек, қаламызда өткен дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирде чемпион атанды.

Ал, бұл жолғы жарыста күміс медальді иеленді. Оның өзін үлкен жетістік деп бағалаған болар едім. Енді шәкіртімді қазан айында Румынияда өтетін Әлем чемпионаты күтіп тұр,- дейді Жомарт Қобланов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему