«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Ұлттық баяндама талқыланды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндама талқыланды

26 Апреля 2019 (09:31) | 2714 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтаудағы мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері, мәслихат депутаттары мен этно-мәдени бірлестіктердің, облыстық ассамблея және қоғамдық кеңес мүшелері «Достық үйінде» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндамамен таысуға жиналды.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова кіріспе сөзінде шараның негізгі мақсаты мен Ұлттық баяндаманың басым бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының даму кезеңдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы дамыту перспективалары мен үрдістерін жеткізді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Агенттікпен Елбасына енгізіліетін өзекті құжаттардың бірі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

 

Ал департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қуандық Абельдинов Ұлттық баяндаманың негізгі бөлімдері мен тарауларына, маңызды жоспарлары мен шараларына кеңінен тоқталып өтті.

 

 

Сонымен бірге, департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы жиын қатысушыларына өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарын, өзіне-өзі қызмет көрсету мен электронды қызмет алу түрлерін және қазіргі таңда іске қосылған «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасының тиімділігін түсіндірді. Сол жерде біраз қатысушылар бірден жүктеп, қосымшаның қалай қызмет етіп тұрғанына да көз жеткізді. Аталған қосымша қазақстандықтарға нақты уақыт режимінде ұялы телефон (смартфон) арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға және уәкілетті органға осы саладағы бұзушылықтар туралы мониторинг жүргізу - «постфактумнан» мәселені жедел шешуге көшуге мүмкіндік береді.

 

Шара соңында бірнеше қоғамдық кеңес мүшелері мен басқа да қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізген болатын. Мемлекекеттік қызметте 40 жылдық өтілі бар Орынбасар Тоғжанов жемқорлық дертімен қоғам болып күресу керектігін айтып, өңірдегі білімді де тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілерді жоғары лауазымдарда, Президент әкімшілігінде де қызметте көргісі келетіндігін жеткізді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Түменбай Қалжанұлы параны алғанды емес, берген азаматты ғана жазаға тарту қажеттігін дұрыс деп санайды. Ал Бекет Ата мешітінің бас имамы Сейітбек Смайыл қажы дінімізден шариғат бойынша дәйектер келтіре келе «параны бергеннің де, алғанның орны тозақта» дейді. Сонымен бірге, жемқорлыққа қарсы тәрбиені әрбір адам өзінен, отбасынан бастағаны жөн екендігін жеткізді. Себебі, кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Оған қарсы тұрудың, әрдайым адал болудың бірден бір жолы - отбасы тәрбиесінде балаға дұрыс тәрбие беру, жемқорлықтың зардабын бала кезден түсіндіру.

 

 

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшесі Ағлен Таласбаева өзінің мәселесі мен ұсынысын жеткізе отырып, жұмысқа орналасу кезіндегі ашықтық, білім және медицина саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі куә болатындығын жеткізді. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақдәулет Махмұд қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кезде, арыз бен нақты дәлелдер болған жағдайда, кез келген уақытта қабылдауға дайын екендіктерін және оған қарсы шара қолданатындарын ескертті.

 

Қорытындылай келе, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңес төрағасының м.а. Бекмұрат Жүсіпов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндаманың маңыздылығын ескере отырып жеке құраммен ұжым арасында талқылайтынын және алдағы уақытта департаментпен тығыз, бірлесіп жұмыс жасайтындығын жеткізді.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему