Пойыз жолсеріктерінің заңсыз табыс табуы жалғасуда
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 03:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Пойыз жолсеріктерінің заңсыз табыс табуы жалғасуда

2 Августа 2018 (11:59) | 2964 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстауда жолаушылар пойыздарындағы жағдай ретке келетін түрі жоқ. «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан адамдарды билетсіз тасымалдамау жөніндегі ескертуге қарамастан, жолсеріктер бұрынғы әдетінен арылатын емес. Бұған арнайы мониторингтік топ мүшелері Маңғыстау вокзалындағы «жасырын тұтынушы» әдісімен қайта бақылау жүргізу кезінде көз жеткізді.

 

 

Ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні теміржол вокзалында «Маңғышлақ-Алматы» бағытында № 8 купе вагонының жолсерігі Қызылорда облысына 1 орынға 20 мың теңгеге апаратындығын айтқан. Дәл осы бағытта жүретін № 9 купе вагонына аталмыш Сыр өңіріне 1 орынға 15 мың теңгеге пойыздан орын табылған. Мұнан бөлек «Маңғышлақ-Алматы» бағытыдағы пойыздың № 7 вагонында орындар бар болып шықты. Ал «Маңғышлық-Бейнеу» пойызының №5 вагонының жолсерігі кез-келген жолаушыны билетсіз алып кете алатынын жасырмаған.

 

Бұл деректердің қайталануы жолсеріктердің мекеме басшылығының бұйрығына құлақ аспай отырғандығын көрсетсе керек. Қоғам өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай қыркүйек айына дейін осылайша жалғасатыны анық. Мұның себебі, жаз мезгілінде әрлі-берлі қатынайтын жолаушылар санының бірнеше есе көбейіп кетуімен тікелей байланысты.

 

 

-Жасыратыны жоқ, қазірдің өзінде кассаларда қыркүйек айына дейін кейбір бағыттарға «билет» жоқ деген жауап аласыз. Жаз мезгілінде мұндай мәселелер жиі көтеріліп отыратыны үйреншікті болып бара жатыр.

 

Себебі туристер, студенттер, лагерьге баратындар саны бірнеше есе артады, - дейді арнайы мониторнгтік топ төрайымының орынбасары Әсет Манов.

 

 

Жалпы теміржолдағы орын алып жатқан түйткілді мәселелер тек билетпен байланысты емес. Тозығы жеткен вагондарды жаңарту, заңсыз миграция, теміржол перондарына өту ережелерін сақтау, тазалық мәселесі, заңсыз сауда, вокзалдардың сыртқы келбеті, ішкі тәртіп және т.б. проблемалар бұрыннан айтылып жүр. Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің пікірінше, кассалардағы билет тапшылығын шешудің бірден-бір жолы, вагондардың санын көбейту қажет. Сонда ғана мәселенің оңынан шешілуі ықтимал.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ағымдағы жылы 18-30 шілде аралығында облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «жасырын тұтынушы» әдісімен мониторинг жүргізіліп «Маңғышлақ-Алматы», «Маңғышлақ-Астана» және «Маңғышлақ-Алматы» жолаушылар пойыздарына кассаларда билеттің жоқтығына қарамастан, жолсеріктер билет құнынан екі есе ақша бергенді алып кетуге қарсы еместігі анықталған болатын.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

 

Суреттерді және видеоны ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему