Ақтауда «Сиқырлы таяқша» III республикалық дирижерлар байқауы өтуде
Курс валют в Актау
на 21/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
21 Ноября, 16:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Сиқырлы таяқша» III республикалық дирижерлар байқауы өтуде

25 Апреля 2019 (09:13) | 2153 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижеры Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» ІІI республикалық дирижерлар байқауы 2019 жылдың сәуір айының 23-25 аралығында Ақтау қаласы, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің қатысуымен өткізіледі.

 

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаев мәлімдеді.

 

- ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында төл тарихымызды жетік меңгеру және қадірлей білу елдің мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап көрсетті.

 

Мақаланың «Тарихи сананы жаңғырту»бөлімінде «ұлы даланың ұлы есімдерін», яғни елге тұлға бола білген ата-бабаларымызды дәріптеу маңызды екенін айтты.

 

Солардың бірі - дарын иесі, өмірін өнеріне, өнерін өміріне айналдырған, қайталанбас дара тұлға, біртуар өнер иесі – Боздақ Рзаханов.

 

Боздақ Рзаханов – Маңғыстау топырағынан алғаш шыққан кәсіби дирижер және домбырашы. Боздақ Рзахановтың есімін мәңгі есте қалдыру және дирижерлардың кәсіби деңгейін шыңдау, шеберлігін көтеру, аталмыш салада жаңа есімдер ашу мақсатында биыл 3-ші рет аталған республикалық байқау Ақтауда өтеді.

 

Республика бойынша әр облыстан – 2 үміткерден, Алматы, Астана қалаларынан – 3 үміткерден қатысады. Барлығы 13 үміткер республикалық байқауда бақтарын сынамақ,- деді Бекбол Таңатарұлы.

 

Филармония басшысы республикалық конкурстың қазылар алқасымен таныстырып өтті.

 

Қазылар алқасы

 

 

Қазылар алқасының төрағасы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Нұр-сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, профессор Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы.

 

 

Қазылар алқасының мүшеселері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Нұрғиса Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, профессор Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы;

 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясындағы қазақ оркестрінің бас директоры және көркемдік жетекшісі Әбдірахманов Сәкен Сейтқалиұлы;

 

Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Батыс Қазақстан Облысы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы.

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Мадреев Рахат Бекболұлы.

 

Журналистердің сауалдарына жауап берген әділқазылар алқасының төрағасы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Нұр-сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, профессор Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов:

 

- Байқаудың негізгі мақсаты: Боздақ Рзахановтың шығармашылығын кеңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Дирижерлық өнер аясында жас дарынды таланттарды анықтап және олардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау.

 

 

Талантты, әрі алғыр музыка шеберлері арқылы Қазақстанның музыкалық мәдениетінің деңгейін көтеру. Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, жастардың эстетикалық және ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету, - деп атап өтті.

 

Оза шауып, Бас бәйге – Гран Приді жеңіп алған жеңімпазға сыйлық ретінде 1 млн. тенге берілетінін айтқан Қазылар алқасының мүшелері , І орынды иеленген талантты дирижерге – 700 000 теңге, ІІ –орын иесіне – 500 000 теңге, ал ІІІ –орынға тұрақтаған жүлдегерге - 350 000 теңге берілетіні туралы айтты.

 

25 сәуірде сағат 15:00- де Маңғыстау облыстық филармониясының концерт залында сайыскерлердің қатысуымен гала-концерт өтетіні туралы хабарланды.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему