Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді
22 Июня 2017 (09:52) | 1549 | Автор: Мира Ботабекова
Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында, осы орталық ұжымымен және тұрғындар арасында Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы, СӨСҚОО Мұнайлы аудандық филиалы және "Нұр Отан" партиясы МАФ ұйымдастыруымен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында акция өткізілді.
Акция барысында орталық аудандық ауруханасының директоры А. Шыршықбаев және "Нұр Отан" партиясы МАФ төрағасының бірінші орынбасары Қ. Сахиповтың қатысумен МӘМС жүйесі бойынша тұрғындарға толықтай ақпарат беріліп, тұрғындардың қойылған сұрақтарына толықтай жауап берілді. Сонымен қатар ақпараттық материалдар тарқатылды. Қамтылған халық саны – 320.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему