Гемофилия – қан тоқтамайтын ауру
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 09:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Гемофилия – қан тоқтамайтын ауру

22 Апреля 2019 (15:28) | 3798 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайын 17 сәуір күні көпшілік ел Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күнін атап өтеді. Осы мақсатта Дүниежүзілік Гемофилия Федерациясы мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) акцияларына қосылады.

 

 

Гемофилия – қанның ұюына әсер ететін VIII және IX факторлардың жетіспеушілігінен туындайтын және тұқым қуалайтын ауру. Науқастың қаны өте сұйық болғандықтан, адам денесін соғып, ұрып алса, тіс жұлдырғанда қан тоқтамайды.

 

Әлемде 400 мыңға жуық гемофилияға шалдыққан науқас бар. Ал Қазақстанда 1273 адам тіркеуде тұр, олардың 34 пайызы – балалар.

 

Гемофилияны емдеудегі басты мақсат – сұйық қанның ағуын тоқтату. Ол үшін құрамында қанның қоюлануына әсер ететін препарат пайдаланылады. Дәрі донорлық плазмадан, генно-инженерлік әдіспен алынады. Қазақстан мұндай препаратты 2010 жылдан пайдалана бастады.

 

 

Дәрі науқастарға мемлекет есебінен тегін беріледі.

 

 

Айта кетейік, елімізде тегін дәрі-дәрмектің шын мәнінде мұқтаж науқастарға жетіп отырғандығы SMS-хабарлама арқылы қадағаланатын болады. Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдай алады немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса болады.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының хабарлауынша, 2019 жылдың алғашқы тоқсанында өңірімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген 12 жағдай кездескен.

 

Биыл Қазақстан бюджетінен гемофилиямен ауыратындарға 7,1 млрд теңге бөлінген.

 

Сурет yandex.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему