Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды
21 Декабря 2018 (12:59) | 1615 | Автор: Нурганым Имашева
Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы қызметіне Асқар Әбиұлы Сейдалиевті тағайындады.
Асқар Әбиұлы 1971 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
1993 ж., В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында тау кен инженері мамандығы бойынша білім алған.
2002 ж., Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы заңгер, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолы:
1993-97 жж. – «Агротехника» кооперативі, «Қуат» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстарының Жетыбай басқармасы – шебер, бұрғышының көмекшісі.
1997-2003 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, оқытушы, аға оқытушы, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, ректордың көмекшісі.
2003-2004 жж. – «Асар» Республикалық саяси партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі.
2004-2005 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, Мұнай және газ институты директорының орынбасары.
2005-2006 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.
2006-2017 жж. – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Мұнай және газ институтының директоры, кейіннен Мұнай және газ факультетінің деканы.
2017жылдан бастап, бүгінге дейін – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры.
Жетпістен астам монография, оқу құрал және ғылыми мақалалардың авторы.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет облыс әкімдігінің сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему