Маңғыстауда ауылішілік жолдар салынуда
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ауылішілік жолдар салынуда

6 Октября 2021 (13:32) | 1219 | Автор: Редакция

Құрық ауылына қарасты екі елді мекенде ауылішілік автокөлік жолының құрылысы жүргізіліп жатыр

 

Қарақия ауданының орталығынан 7 шақырым қашықта орналасқан «Маңғыстау» елді мекені мен 11 шақырым қашықта орналасқан «Станция Ералы» елді мекенінде ауылішілік автокөлік жолының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин мәлім етті.

Оның айтуынша, Маңғыстау елді мекеніндегі 3 шақырым, Станция Ералы елді мекеніндегі 1,8 шақырым автокөлік жолының құрылысы қараша айының соңында аяқталады.

 «Жоба «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Жол құрылысы конкурсының жеңімпазы ретінде «AltynzholGroup» ЖШС мердігер мекемесі анықталды. Бүгінде арнайы техникалар жұмылдырып, қызу жұмыс жүріп жатыр. Екі елді мекеннің жол құрылысына 194,6 млн. теңге жұмсалады. Оның 90%-ы республикалық бюджеттен, 10%-ы жергілікті бюджеттен бөлінеді», - деді Асан Чукин.

 

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему