Кезектен тыс президент сайлауы-тұрақтылық пен татутылықтың кепілі дейді, Маңғыстаулықтар
12 Апреля 2019 (11:19) | 1856 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстағы бірқатар Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жетекшілері кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікірлерімен бөлісті.
-Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті конституциямызға сай ел тізгінен Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені баршамызға белгілі.
Қазақ халқы әр уақытта да табандылығымен, байыптылығымен, шешім қабылдаудағы көрегенділігімен бұл тарихи оқиғаны дұрыс қабылдай білген болатын. Ел президенті еліміздің ішкі-сыртқы саяси тұрақтылығын сақтау мақсатында кезекті президент сайлауын күтпестен, мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме еліміздегі барлық саяси билік тармақтарының уағдаластығымен, келісуімен жасалды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген бар. Президент халықтың қолдауын алуға тиіс, халық сайлаған президент халық атынан сөйлей алады.
Сондықтан бұл шешімді Қазақстан азаматы ретінде, елімнің патриоты ретінде мен саналы түрде қабылдадым және қош көрдім. Президенттің өз мәлімдемесінде айтылғандай алдағы сайлау әділ, ашық, айқын өтетініне сенемін және атсалысамын.
Бұл сайлаудың қортындысы бізді саяси деңгейде де, ұйымдастырушылық деңгейде де жаңа бір кезеңге көтереді және Қазақстанның саяси сахнасына жаңа күштердің келуіне жол ашады деп ойлаймын. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, барлық жағының дамуында жаңа бір кезеңі басталады деп деп үміттенемін,-дейді «Азамат дауысы» жеке меншік мекемесінің директоры Ғалия Жалғасбай.
-Мен Қазақстан азаматы ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы мәлімдемесін қолдадым. Өйткені, бұл сайлау еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың кепілі болады деп білемін.
Ел тізгінін қолға алатын тұлғаны дауыс беру арқылы халықтың сайлағаны дұрыс. Кезектен тыс өтетін бұл сайлау еліміздің өсіп-өркендеуіне жаңа серпін әкеледі деген үміт бар,-деді «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» бірлестігінің төрайымы Райхан Дәрібаева.
-Баршамызға белгілі кеше тікелей эфир арқылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында кезектен тыс Қазақстан Республикасының президентінің сайлауы өтетінін мәлімдеді.
Бұл бастаманы толық құптаймын. Президетті кезектен тыс сайлап алсақ, алдағы уақытта саяси тұрақтылықты сақтап қалуға болады.
Жалпы, 2019 жыл барша қазақстандықтар үшін саяси өзгерістерге толы жыл болғалы тұр. Кезектен тыс сайлау біз үшін күтпеген оқиға болғанымен, берері көп деп ойлаймын.
Бүгінде елімізде саяси тұрақтылық бар, ұлтаралық татулықтың үлгісін басқа елдер бізден алсын деймін. Сондай-ақ Елбасының «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» бағдарламалары арқылы елде көптеген оңды өзгерістер орын алды.
Бүгінде әлеуметтік қолдау шараларын күшейту арқылы еліміздің одан әрі дамуына жол ашқан секілдіміз. Алдағы сайлауда халық сайлайтын Қазақстанның кезекті президенті үшін ел басқару қиынға соқпайды деп ойлаймын. Өйткені, тұңғыш президентіміз Қазақстанды дамытудың дара жолын көрсетіп кетті,-деді «Эко Маңғыстау» үкіметтік ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему