«ДАМУ медиа мектебі» қос қуанышын атап өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 18:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«ДАМУ медиа мектебі» қос қуанышын атап өтті

11 Апреля 2019 (09:33) | 2684 | Автор: Нурганым Имашева

 

Осыдан бір жарым жыл бұрын ашылған «ДАМУ медиа мектебі» биыл жағымды жаңалықтарымен көпшілікті қуантты.

 

Біріншіден, Чехия елінің ПРАГА қаласында өткен «PEARLS OF EUROPE» халықаралық сайысында медиа мектеп шәкірттері бас жүлделерге ие болды.

 

Нақтылай кетсек, Нұриман Нұрсапа мен Дархан Батырбай актерлік шеберлік номинациясы бойынша Гран-приге ие болса, тележүргізуші номинациясы бойынша Жұлдызай Меңдібай 1 орынға, актерлік шеберлік бойынша Ажар Жақсылықова 1 орынға ие болды.

 

Әділқазылар аласында мүше болған медиа мектеп директоры Гүлнұр Жадринаның айтуы бойынша "Сайыс өте ауқымды, жан-жақты болды. 11 мемлекеттен 215 оқушы қатысты. Елге абыроймен келу өте маңызды болды. Оқушыларымыз да бізді жерге қаратпай үздіктер қатарынан көріне алды".

 

Сондай-ақ, балаларды шығармашылыққа баулитын медиа мектеп жуырда өзінің жаңа ғимратының салтанатты ашылуымен қатар балаларға арналған "DAMU kids" журналының тұсауын кесті.

 

Қос қуанышқа ортақтасып, тусаукесерге келгендер қарасы көп болды. Енді балалар шығармашылығымен айналысуға заманауи барлық жағдай жасалған.

 

Аумағы 250 шаршы метрді құрайтын жаңа кеңседе балалардың дауыс жазу студиясы, фотостудия, вокал-хореография залы дейсіз бе түрлі арнайы залдар жасақталған.

 

 

«ДАМУ медиа мектебінің» оқушылары қазіргі таңда вокал, хореография, гимнастика, актерлік шеберлік, шешендік өнер, камерамен жұмыс, қолөнер сабағы бойынша дәріс алуда.

 

Енді жаңа ғимаратта балалардың өнерін шыңдайтын талай қосымша сабақтар пайда болады деп күтеміз. ДАМУлықтар сондай-ақ наурыз мейрамына арналған керемет концертімен көрермен жүрегінен ерекше орын тапты.

 

Концерт Н.Жантөрин атындағы драма театрдың кіші залында өтті. 200ден астам көрермен оқушылар өнеріне тәнті болды. Бұл концертте Жаңаөзен қаласындағы филиалдан да оқушылар қатысып, өздері кәсіби сахнаға бірінші рет шығып, біраз қобалжыды да. Бірақ, көрсеткен өнерлеріне зал тоқтамай қол соғып, ерекше құрмет көрсетті.

 

Суреттерді түсірген «ДАМУ медиа мектебі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему