Ақтауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтеді
10 Апреля 2019 (13:54) | 5748 |
Автор: Нурганым Имашева
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және меймандары!
М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония сіздерді Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз-ғұмыр» атты әдеби-сазды кешіне шақырады.
Филармония ұжымының өнерпаздары қатысатын ерекше кеште көрнекті ақынның сөзіне жазылған тамаша әндер шырқалып, поэзия падишасының асқақ өлеңдері оқылады.
Артына мол мұра қалдырған Фаризадай өр ақынның жыр жолдарын тыңдап, көңілдің сыршыл пернелерін дөп басқан әсем әндерінен рухани азық алу үшін облыстық филармонияның концерт залына келіңіз, ағайын.
Концерт 11 сәуір күні сағат 19:00 –де М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония (5 шағынаудан) залында өтеді. Билеттер филармонияның кассасында және tiketon сайтында сатылуда.
Сурет пен видеоны ұсынған М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония
Зарегистрируйтесь или войдите в систему