Ақтаулық студенттер Германияда тілдік тағылымдамадан өтті
Курс валют в Актау
на 21/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
21 Ноября, 11:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық студенттер Германияда тілдік тағылымдамадан өтті

28 Октября 2024 (16:37) | 2249 | Автор: Редакция

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының (KINI)  2 курс студенттері 6-19 қазан аралығында Германияда Вильдау техникалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтті. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін “Еnergy and Environmental Engineering” және “Logistics” бағдарламаларының үздік 16 студенті ішкі конкурс бойынша іріктелініп алынып, DAAD (Deutscher Akademischer Austauschdienst) стипендиясының иегері атанды. 

Бұл тілдік тағылымдамаKINI студенттеріне халықаралық тәжірибе ұсыну және оларды жаһандық мүмкіндіктерге дайындау мақсатын көздейді. Тағылымдама аясында студенттер интенсивті неміс тілі курстарына, семинарлар мен мәдени іс-шараларға қатысты. Олар сондай-ақ тарихи орындарды аралап, жергілікті студенттермен танысып, Вильдау, Берлин, Кёнигс-Вустерхаузен сынды қалаларды зерттеді. Бұл тәжірибе студенттерге тек тілдік дағдыларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар Германияның салт-дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Студенттерге бұл сапарда жетекшілік еткен неміс пәнінің мұғалімдеріТарыбай Мадияр Жасұланұлы: "Бұл тағылымдама студенттер үшін керемет тәжірбие болды. Олар неміс тілінде сөйлеу дағдыларын дамытты, өзге елдің мәдениетімен танысты, және таным көкжиегін кеңейтті. Екі апта ішінде студенттерімнің Германиядан ерекше әсер алып, білім алуға деген зейінінің ашыла түскенін байқадым." – деп өз пікірімен бөлісті.

Тағылымдамадан өтіп келген студенттердің бірі Бокаев Ержан өз алған әсерімен бөлісті. Ол «Energy andenvironmental engineering»білім беру бағдарламасы бойынша 2 курста оқиды.  "Германияға бару маған өзге мәдениет өкілдерінің қалай өмір сүретінін, жұмыс істейтінін және қарым-қатынас жасайтынын көруге мүмкіндік берді. Сапар барысында Германияның мәдениеті мен тарихы, инфрақұрылымымен жақынырақ таныстым. Вильдаудағы жергілікті халықтың тәртібі, көшелердің тазалығы мен жүйелілігі ерекше ұнады.Бізге қала бойынша екі экскурсия өткізілді.Осыған байланысты бізге арнап уақыт бөліп, тіпті қазақ тілінде ақпарат ұсынған экскурсоводтарға алғысымызды білдіреміз.

Вильдау университеті Берлин қаласының жанында, өте әдемі табиғат аясында орналасқан. Университет заманауи және тарихи ғимараттарымен танымал және студенттеріне соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған ультразаманауи оқу аудиториялары мен зертханаларды ұсынады. Вильдау кітапханасы – тек кітаптарға толы ғана емес, сонымен қатар оқу мен демалысқа арналған жайлы аймақтары бар нағыз білім қазынасы дер едім. Ол студенттердің академиялық жетістіктері мен жеке дамуына әсер етпей қоймайтын ерекше атмосфераны қалыптастырады.

Университеттіңкөрікті орындарының бірі - кампустың алдыңғы жағында орналасқан локомотив болды. Сондай-ақ, біз қызықты және жан-жақты адамдарды, соның ішінде өз еліміздің студенттерін кездестірдік. Олар бізге оқуымызды одан әрі ынтамен жалғастыруға үлкен мотивация берді» - дейді Ержан.

KINI 2023 жылы Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Германия президенттерінің бірлескен бастамасымен ашылды. Институттың құрылтайшылары «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ және Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті.Қазіргі уақытта оқу орны бакалавриаттың энергетика, логистика, экологиялық инженерия, өндірісті басқару және мехатроника бағыттары бойынша, сондай-ақ «Industrial Engineering» магистратура бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайды. Студенттер қос дипломды бағдарламалар бойынша қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде білім алады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему