Биыл Маңғыстаудағы медициналық мекемелерде қандай заң бұзушылықтар болды?
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстаудағы медициналық мекемелерде қандай заң бұзушылықтар болды?

7 Апреля 2019 (12:09) | 2179 | Автор: Нурганым Имашева

Биыл «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Маңғыстау филиалы (ары қарай – филиал) облыстағы 55 медициналық ұйыммен келісім шарт жасасты. Өңір бойынша қаңтар-ақпан айларында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 22 247 науқас емделген. Филиал сарапшылары мониторинг жүргізу барысында 2019 жылдың екі айында 572 әр түрлі заң бұзушылықтар болғанын растап отыр.

 

 

Филиал мамандары медициналық қызмет сапасын басқаратын электронды жүйені қолдану арқылы күн сайын стационарлық және стационарлық емдеуді алмастырушы медициналық көмекті бақылап отырады. Бақылау қызметті орындаушы медициналық мекемелердің реестрінен басталады. Бұдан кейін келісімшартты орындау xаттамасы толтырып, акт жасалады. Бұл үрдіс күн сайын емделуге келген науқастың санына байланысты болады.

 

- Бақылау кезінде қаңтар-ақпан айларында 572 заң бұзушылық орын алғаны анықталды. Барлық заң бұзушылықтардың 6,3%-ы, яғни 36 заң бұзушылық медициналық қызмет көрсету бағасының негізсіз қымбаттағанынан болып отыр. Ал 244 заң бұзушылық, яғни 42,7%-ы медицина қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық шаралардан бас тартуынан туындаған, - дейді филиалдың медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Баспаева Мадина.

 

Мадина Баспаеваның айтуынша, қаңтар-ақпан айларында Денсаулық сақтау субьектілері қызметін төлеу ережелерінің кейбір нормалары бұзылған, атап айтсақ:

 

- медициналық нұсқаулықсыз көмек көрсету (30 заң бұзушылық),

 

- науқас туралы мәліметті стационардағы науқастардың электронды реестрона дұрыс енгізбеу (133 заң бұзушылық),

 

- науқастың жоспардан тыс қайта ауруxанаға түсуі (бір күнтізбелік айда емделген ауруына қайта шалдығуы) (6 заң бұзушылық).

 

 

2018 жылдан бастап "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ, ТМККК пакетінің қаржы операторы қызметін атқарып келеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі бекіткен шарт бойынша, тұрғындар үшін медициналық қызметтерді сатып алады. Маңғыстау филиалы қызметтерді орындаушы клиникалармен жалпы сомасы 25,886 млрд теңгеге 73 келісімшарт орнатып отыр. Екі ай ішінде 1024,060 мың теңгені құрайтын 1 келісімшарт қызмет көрсетуші тараптың қалауымен бұзылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалы хабарлады.

 

Суреттер tengrinews.kz, florencegroup.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему