Маңғыстауда полиция посттары қойылды
21 Марта 2020 (17:44) | 2827 | Автор: Нурганым Имашева
Посттар Атырау-Бейнеу және Жаңаөзен-Кендерлі-Түркменстан бағытындағы тас жолдарда орналасқан. Жолдар қозғалыс үшін ашық, алайда тексеруден өту қажет. Сонымен қатар посттар 19 наурыздан бастап Атырау-Бейнеу және Жаңаөзен-Кендерлі-Түркменстан бағытында да пайда болды.
Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысына келе жатқан және облыс аумағынан шығып бара жатқан барлық азаматтарды тексеретін болады. Тәртіп сақшыларымен бірге медициналық мекемелердің қызметкерлері де кезекшілік атқарады.
Посттар 15 сәуірге дейін тұратын болады. Оларда полиция және медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етіп, сырқаты барларды немесе мемлекеттік шекараны заңсыз бұзушыларды анықтайтын болады. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдар ашық екені жайлы, олар арқылы облыстан шығу немесе облысқа кіруге шектеу қойылмағаны жөнінде хабарлаймыз.
Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция Департаменті хабарлады
Суреттер редакция архивінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему