Терроризмге жол бермейік
19 Января 2017 (10:19) | 1827 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокурорының орынбасары С. Абдуллаевтың аталған тақырыптағы мақаласын өзгеріссіз түрде басылым оқырмандарының назарына ұсынамыз.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттерді алаңдатып отырған мәселелердің бірі террористтік әркеттердің кейінгі уақытта жиі орын алуы, аталған әрекеттердің көбісі елдің тыныштығын бұзып, адамдардың өміріне бағытталғандығы, сондай әрекеттерді жасайтын ұйымдарға кіруге кейбір жастардың алданып, оған бет бұрып жатқандығы болып отыр.
Әрине аталған мәселенің маңыздылығына көңіл бөлу керектігін, оның алдын алу қажеттілігін бізің елімізде ескертуде.
Террористік ұйымдар болса өздерінің қатарына әр елдің азаматтарын әр түрлі әдістермен заңсыз жолдарды қолданып кіргізуде. Оның ішінде, лаңкестік ұйымдардың терроризмді насихаттауға бағытталған бейне жазбаларын интернет жүйесі арқылы кеңінен таратып отырғандығы да белгілі.
Айта кететін жайт, осындай террористік ұйымдардың біріне, өздерін «Ислам мемлекеті» - деп жариялаған топты жатқызуға болады. Аталған топ Астана қаласының, Есіл аудандық сотының 15 қазан 2015 жылғы шешімімен террористік ұйым ретінде танылып, оның әрекетіне елімізде тыйым салынған.
Сонымен қатар, аталған үйымды көптеген елдер (Ресей, Тәжікстан және т.б.) террористік деп танып, оның әрекетіне тыйым салынғаны және кейбір мемлекеттер әскери коалиция құрып, оларға қарсы соғысып жатқанын күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан есітіп-көріп отырмыз.
Өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған ұйым қазіргі таңда Сирия мемлекетінде өздерінің террористік әрекеттерін жүргізіп, өзінің қатарына алдап-арбап көптеген жастарды шақырып жатқаны және олардың қатарына қосылғандар, террористік әрекеттерге барып, олардың жан түршігетін жауыздықтар танытып жатқандарын көріп отырмыз. Олардың «Ислам» дінін жамылып алып, өздерінің білгендерін жасап, «Ислам» дініне керісінше қарсы әрекеттерге баруда.
Террористік ұйымдардың осындай жауыз әрекеттерін көріп-біліп отырып, оның қатарына қосылғандарға, оны қолдаушыларға не айтуға болады, оларға не түрткі болған дейсіз. Кейінгі уақытта елімізде террористік ұйымдарды қолдап, терроризмді насихаттаған түлғалардың табылып жатқандығын, олардың сот үкімімен сотталып, тиісті жазаларын түзеу мекемелерінде өтеп жатқандарында көрудеміз.
Ақтау қалалық сотының үкімімен 2015 жылы бір тұлға терроризімді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанын ескерткім келеді.
Сондықтан, дінге байланысты мәселелерге мұқияттық танытқандарымыз, туындаған сұрақтар бойынша елімізде арнайы бекітілген және рұқсат етілген діни ұйымдарға жүгінгендеріміз жөн.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему