Аймақта жол қозғалысының қауіпсіздігі апталығы өтуде
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 03:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта жол қозғалысының қауіпсіздігі апталығы өтуде

17 Ноября 2018 (13:17) | 2502 | Автор: Нурганым Имашева

Таңертең ертемен ақтаулық полицейлер облыстық қан орталығында кезекте тұрды.

 

 

 19 қарашада бүкіләлемдік қауымдастық «Жол-көлік апатының құрбандарын еске алу күнін» атап өтеді. Осы атаулы күнге арнап Ақтау жол полициясы қан тапсыру науқанын атап өтуді ұйғарды. Осыған байланысты  облысымызда қараша айының 12-нен 18-не дейін ауқымды республикалық «Жол қозғалысының қауіпсіздігі апталығы»  науқаны өтеді.   

 

-Науқанға Полиция департаментінің 25 ЖПҚ қызметкері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, жол-патрульдік полиция, ювеналдық полиция, учаскелік полицейлер, жедел уәкілдер қатысып, қан тапсыруды сәтті орындады.

 

 

Жалпы алғанда, олар тәңертеңнен бері 10 литр қан тапсырды. Аталмыш науқан жыл сайын өткізіліп, ақтаулық тәртіп сақшылары онда белсенді қатысып келеді, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД-ның Баспасөз қызметінде.

 

 

Алдымен полицейлер тіркеу рәсімінен, содан кейін терапевт дәрігердің қарауы мен зертханалық диагностикадан өтті. Осыдан кейін донорлар мобильді қан дайындау кешенінің арнайы жабдықталған кеңсесіне барды.

 

Полиция департаментінің ЖПҚ бастығы Мадияр Омаров:

- Осылайша, полиция қызметі апаттар санын азайтуға ғана емес, сонымен қатар зардап шеккендерге көмек көрсете отырып, олардың азаматтық жауапкершіліктерін көрсетеді.

 

Бұл іс-шара арқылы полиция қызметкерлері жолдардағы қайғылы өлім жағдайларын және жол қозғалысына қатысушылардың  басынан өткеретін үлкен қатеріне жұртшылықтың назарын аударуға  жұмыстанады.

 

  

Сонымен қатар, өзара сыйластыққа, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жүргізушілердің мәдеиетін арттыруға, жол-көлік апаттарына жол бермеуге зор үлестерін қосады.

 

Шараға дайындалуы үшін тәртіп сақшылары оның өтетіні туралы алдын-ала ескерту жасайды. Көптеген мемлекеттік ведомстволар, соның ішінде құқық қорғау органдары үшін бұл шара корпоративтік қан беру деп аталатын жақсы дәстүрге айналды. Тәртіп сақшылары аталмыш шараны үнемі  қолдап отырады. Күн сайын олар қызмет бабында адамдардың бақытсыздық жағдайына жиі кезігеді және өмірде қиын жағдайға тап болғандар үшін донордың көмегінің қаншалықты қажетті екенін түсінеді.

 

 

Апатты жол оқиғаларынан зардап шеккен адамдар үшін көбінесе  поицейлер кезекшіліктен бос кезде донор болады.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему