Ақтаулық кәсіпкер мектепке спорт алаңын сыйға тартты
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық кәсіпкер мектепке спорт алаңын сыйға тартты

5 Сентября 2021 (14:05) | 1287 | Автор: Редакция

Ақтаудағы №15 жалпы білім беру мектебіне жергілікті кәсіпкер Бауыржан Жақыпов жаңа спорт алаңын салып берді. Бұл туралы мектеп директоры Асқар Досов мәлім етті.

 

 

«Білім ордасы 1985 жылы ашылған. Бүгінде 850 шәкірт білім алады. Биылғы дәстүрлі оқу жылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Енді алаңда түрлі ойындар мен спорттық шараларды ұйымдастырамыз. Кәсіпкерге алғысымыз шексіз»,-деді Асқар Досов.

Заманауи үлгідегі спорт нысанының аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Бұл мектептегі ескі алаңнан екі есеге үлкен. Сонымен қатар, алаңға толық жарық шамдар мен бейнебақылау орнатылған.  Одан өзге, кешкі уақытта алаңда 14 шағынаудан тұрғындарына да футбол ойнауға мүмкіндік берілген.

Мектеп басшысының айтуынша, оқушылар облыстық, қалалық, сайыстардан жүлделі орын алып жүр.

 

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему