59 миллионның дауы шешімін тапты
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

59 миллионның дауы шешімін тапты

19 Марта 2019 (10:22) | 1777 | Автор: Нурганым Имашева

Ұлт Көшбасшысы Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне жіті назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырғаны белгілі.

 

 

Осыған орай, елімізде арнайы «Медиация туралы» Заң қабылданып, тараптарға «алтау ала болса - ауыздағы кетіп, төртеу түгел болса - төбедегінің келетінін» түсіндіріп, дауларды бітімгершілікпен шешуге аса мән беріліп келеді.

 

Мәселен, Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотында «Соттағы татуластыру рәсімдері» атты пилоттық жоба іске қосылып, арнайы медиация кабинеті ашылған болатын.

 

Нәтижесінде, экономикалық сотта кәсіпкерлер арасындағы, серіктестіктер арасындағы ірі даулар медиация тәртібімен реттелуде. Сондай даулардың біріне назар салсақ.

 

Жақында ғана медиативтік келісім арқылы бір серіктестік екінші серіктестіктен 59 миллионын даулап, даудың шешімі медиация арқылы өз шешімін тапты. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «М» ЖШС-нің жауапкер «К» ЖШС-нен 59 047 473 теңге негізгі қарызды, 11 612 759 айыппұлды өндіру туралы азаматтық ісі қарады.

 

 

Азаматтық істің қаралуы барысында тараптар өкілдерінен сотқа медиативтік келісімді бекіту туралы арыз келіп түсті. Келісім бойынша жауапкер «К» ЖШС-і талап коюшы «М» ЖШС-нің алдындағы 59 047 473 теңге негізгі қарызды, 11 612 759 айыппұлды толығымен өтеуге, ал талап қоюшы талап арыздан бас тартуға міндеттеледі.

 

Бітімгершілік келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.«М» ЖШС-нен 11 864 теңге мемлекеттік баж алымы қайтарылды. Осылайша серіктестіктер арасындағы қарым-қатынас сақталып, дау бейбіт шешілді.

 

Қорыта айтқанда, бұдан бөлек медиация арқылы некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күту жағдайына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге мүмкіндік зор.

 

Ернар Тұрсынқұл

Маңғыстау облысының мамандандырылған

экономикалық сотының судьясы

Суреттер assembly.kz , ddakmo.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему