Балалар қауіпсіздікке үйретілді
10 Августа 2015 (10:39) | 1714 | Автор: Нурганым Имашева
- «Кендірлі» демалыс базасындағы теңіз жағалауында орналасқан «Ақбөбек» жазғы балалар сауықтыру орталығында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» тақырыбында ойын-сайыстар ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хашысы Гүлнәр Ходжабекова.
Мұнайшылар шаһарынан келіп түскенақпарда: «Ағымдағы жылдың 4-ші тамызы күні Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімімен және «Кендірлі» жедел құтқару бөлімшесімен бірлесе «Кендірлі» демалыс базасындағы теңіз жағалауында орналасқан «Ақбөбек» балаларды жазғы сауықтыру орталығында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты ойын-сайыстар өткізілді.
Бұл сайыстарға «Жалын», «Алау», «01 сақшылар», «101» және «Өрт сөндірушілер» командалары қатысты. Жалпы, сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер саны 227 баланы құрады, сонымен қатар «Ақбөбек» орталығының 25 жұмысшысы балғындардың сайыстарын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл өткізілген сайыстың мақсаты:-ТЖ жағдай кезіндегі іс-қимылдарды үйрету, практика жүзінде шұғыл әрекеттерді қолдана білу, бәсекелестік және бірлестік рухтарына баулу болып табылады.
Сайыста жасөспірімдерге 4 сынақтан өтуге тура келді, олар: «Ертегі» (үй жұмысы), «Өрт-қолданбалы эстафетасы», «Су эстафетасы» және «Сурет» (қабырға газеті) конкурстары.
Балаларға суда жүзу ережелері түсіндіріліп, көрсетілді, сонымен қатар батып бара жатқан адамды судан алып шығу әрекетін көрсету үшін «Кендірлі» жедел құтқару бөлімшесімен зардап шеккендерді құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеттері жүзеге асырылды.
- Сайыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен дипломдар және сыйлықтар табысталды. Шараға жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдары «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы және «Жаңаөзен жаршысы» газетінің тілшілері қатысты»,-делінген.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему