Шұғыл жағдайдағы жұмыс – үлкен жауапкершілікті талап етеді
19 Марта 2019 (09:29) | 3298 | Автор: Нурганым Имашева
Медициналық қызметкер мамандығын таңдау – жүрек қалауымен болуы тиіс, ал төтенше жағдайлар саласындағы медициналық қызметкерлердің жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда тек қана зардап шегушінің денсаулыған бағалап қана қоймайды, сонымен қатар құтқару қызметінің қызметкерлері сияқты, тәуекел етіп, медицина қызметкері, құтқарушы ретінде шұғыл жағдайларда жұмыс жасауға тура келеді.
«Апат медицина орталығы» қызметінің мақсаты - табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезінде, жол көлік апатында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету арқылы адам өлімін азайту, авариялық-құтқару қызметі қызметкерлеріне амбулаториялық-медициналық көмек көрсету, психологиялық кәсіби таңдауда және апат медицина саласында денсаулықты сақтауды ұйымдастыру.
Сисембиева Ханзира Серікқалиқызы, 1968 жылы туылған, ҚР ІІМ ТЖК «Апат медицина орталығы» ММ филиалында 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды. Өзінің жұмысын шұғыл әрекет ету бригадасында дәрігер жұмысынан бастаған, әртүрлі ТЖ түріне, медициналық қамтамасыздандыруға шыққан, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсеткен, сонымен қатар Маңғыстау облысының аумағында өткен көптеген жаттығуларға қатысқан.
2012 жылдан бастап шұғыл медициналық көмек бөлімінің басшысы болып тағайындалған. Қазіргі таңда шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, үнемі жаңа өзгерістермен танысып отырады, жұмыстағы қарым –қатынас бойынша және қиын сұрақты шешу кезінде өзіне жауапкершілік алуда үлкен дәрежеге ие.
Бірнеше рет Денсаулық сақтау Министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің «Апат медицина орталығы» ММ-нің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Бұл ақпаратты біздің басылымға Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі жолдаған.
Суреттерді түсірген облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему