Ақтау қалалық прокуратурасы жыл басынан бері 5 айдың ішінде азаматтардан дәрігерлердің әрекетіне қатысты 21 шағым түскенін хабарлады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 15:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасы жыл басынан бері 5 айдың ішінде азаматтардан дәрігерлердің әрекетіне қатысты 21 шағым түскенін хабарлады

16 Июня 2016 (20:32) | 2383 | Автор: Нурганым Имашева

            Бұл туралы біздің редакциямыздың Ақтау қалалық прокуратурасына жолдаған сауалымызға берілген жауабынан белгілі болды.

            Өкінішке орай, бүгінгі таңда сапасыз медициналық қызметтің саны арта түскені туралы шағымды екінің бірінен еститін болдық. Қазір мұнымен ешкімді таң қалдыра алмайтындай жағдайға жеттік десек, ешбір артық айтпағанымыз болар.

            Жанына дауа іздеп, «балтыры сыздап, басы ауырған» науқастардың дені кейбір дәрігерлердің біліктілігінің төмендігі немесе өз лауазымдық міндетіне деген жауапкершілігінің жоқтығы, қызметтік міндетіне деген селқос қарауынан орын алып жатқан кейбір келеңсіз оқиғалардың жиі куәсіне айналып жүргенімізді ешкім жоққа шығара алмас, сірә?!

            «Ауруын жасырған - өледі» деген халық қағидасын ескерсек, қоғамның ең басты байлығы саналатын – адамның өмірі мен денсаулығынан құнды не бар десеңізші, бұл жалғанда? Сол бірінші байлықты қорғауға тиісті ақ желеңді абзал жандар өз міндеттеріне салғырт қараса, өзгелерден не талап етуге болады?

            Сәуір айының соңына таман аймақтық коммуникациялар орталығында өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаевқа журналистер тарапынан медициналық қызметтің сапасына қатысты бірнеше өткір сауалдар да жолданды. Олардың қатарында осы мәселеге байланысты халықтан түскен шағымдардың статистикасына қатысты сауал қойылғанда, сала басшысы: «мен ол мәліметтерді ала келмеп едім» деген сырғытпа жауап берді. Әрине, ондай сұрақтың облыстың бас дәрігеріне «ыңғайсыз» болғаны айдан анық.

            Дегенмен, біздің тілшілеріміздің «Қойылған сауалға жауапты жазбаша түрде ала аламыз ба?» дегеніне сала басшысы: «Әрине, заң талабына сай, редакцияның жазбаша сауалына жауап беріледі» деген болатын. Соған байланысты 20 сәуірде газет редакциясы аталған сауалды денсаулық басқармасына жолдағанымен, заңмен көзделген мерзімде біздің сауалымызға жауап беруге асыққан сала мамандарын байқамадық. Арада 2 айдай уақыт өткеніне қарамастан, ешбір жауап болмады.

            Сондықтан, осы сауалымызды Ақтау қаласының прокуратурасына жодауға мәжбүр болдық. «БАҚ туралы» Заңмен көзделген 3 күндік мерзім ішінде, құзырлы органнан тиісті жауап келіп түсті.

            Ақтау қаласының прокуроры                Талғат Айтбайұлы Әлібаев:

-                     2015 жылы Ақтау қалалық прокуратурасына азаматтардан дәрігерлердің әрекетіне қатысты 32 шағым келіп түсті. Олардың тексерілуі нәтижесінде 3 тұлға ҚР ӘҚБ Кодексінің 433 және 82 баптарына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 тұлғаға ҚР Қылмыстық Кодексінің 317 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар медициналық ұйымдардың 25 қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Сондай-ақ биылғы жылдың 5 айы ішінде азаматтардан сапасыз медициналық қзымет көрсетілуіне қатысты 21 арыз-шағым келіп түсті.  Олар бойынша 1 тұлғаға ҚР Қылмыстық Кодексінің 317 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, 2 тұлға ҚР ӘҚБ Кодексінің 82 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 8 тұлғаға -тәртіптік жаза қолданылды.

Заңдылықтың сақталуын қадағалаушы органның ресми жауабынан көрініп тұрғандай, сапасыз медициналық қызметтің саны артпаса, кемімей отырғаны сөзсіз.

 Жыл аяғына дейін түсетін шағымдар саны өсе түспесіне де кім кепілдік бере алады? Жалпы, қаламыздың емханалары мен ауруханаларына барып, сапасыз медициналық қызметке тап болған азаматтардың саны біршама болғанымен, кез-келген адам құзырлы органға шағымдана бермейтіні анық. Кейбірі өз құқығын қалай қорғауды білмей жатса, енді бірі оған уақытын жұмсап, жүйкесін тоздыруды қаламайды. Сөндықтан мұндай фактілердің біздің қоғамда жиі орын алуына әкеліп соғатыны ғажап емес.

            Заң бұзушылық фактісіне тосқауыл қойылмаған себепті ол қайталана беретіні анық.

                        Қалалық прокуратурадан келіп түскен жауапта дәрігерлердің өз міндеттеріне салғырттықпен қарау фактісінің мысалы ретінде былтырғы 2015 жылы қазан айында қаламызда орын алған 15 жасар жасөспірім қыздың тағамнан уланып, қайтыс болуына байланысты, жедел жәрдем бригадасы дәрігерінің немқұрайлық танытып, шақыртуды дер кезінде дұрыс қабылдамауы туралы мысал келтіріліпті.

            Құзырлы орган аталған фактіге байланысты тексерулер жасалып, жедел жәрдем станциясы дәрігерлерінің кінәсі тәуелсіз сарапшыны қатыстыру арқылы толық анықталып, қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ІІД-мен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны туралы баяндаған.

            Дәрігерлердің әрекетіне қатысты түскен арыз-шағымдар бойынша тексерулерді жүргізетін қала прокуратурасының бөлім прокуроры Айнұр Жөнелбек бұл тұрғыдағы арыздарды тексеруге аса мән берілетініне тоқталды.

-                     Адам өмірі мен денсаулығына қатысты шағымдарға өз басым тексерулер барысында ерекше мән беремін. Себебі, адамның өмірі мен денсаулығынан артық не болушы еді? Қоғамның басты байлығы - адам дер болсақ, оның бірінші байлығы - денсаулығына, оған қатысты заңды құқығының сақталуына қалалық прокуратура әркез мүдделі,- деген пікірін білдірді.

Адам жанының арашасына айналуы тиіс ақ желеңді абзал жандардың немқұрайлылығынан қоғамда азаматтардың жапа шегу фактілері көбейе берсе, халық өз денсаулығының дұрыс болуын кімнен сұрамақ?

Дер кезінде сапалы медициналық қызмет алуға алдағы уақытта зар болып қалмасақ екен деген қауіп осы жайтты қозғауға себепші болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему