Балғындарға әз Наурыздың мәнін ұқтырған мерекелік басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 17:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындарға әз Наурыздың мәнін ұқтырған мерекелік басқосу өтті

18 Марта 2019 (09:05) | 1844 | Автор: Нурганым Имашева

 

16 наурыз күні «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ –де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК облыстық филиалының өкілдері, Департамент жанынан құрылған Арнайы мониторинг тобының мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері жиналып, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Мерекелік кешке арнайы шақырылған меймандар ретінде Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «ФортеБанк» филиалының басшысы, облыстық мәслихат депутаты А.Өрісбаев, «Маңғыстау-Медиа» басшысы А.Дүтбаева, бірнеше қайырымдылық қорының басшылары, меценаттар қатысты.

 

 

 

Салтанатты шарада балалар да өз өнерлерін ортаға салумен ерекшеленіп, әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, сахналық қойылымдар көрсетіп, кеш қонақтарының көңілін көтерді. Мемлекеттік тілде ән шырқап, мәнерлеп өлең оқыған әртүрлі ұлттың балалары бір үйдің баласындай тату-тәтті атмосферада алаңсыз өсіп жатқаны сезілді.

 

 

Мекеме ауласында балалардың қолымен жасалған әшекей бұйымдар, сувенирлер, құрақ көрпелерден көрме ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мұрындық болған бұл ерекше мерекелік кеш балалардың да, ересектердің де көңілінен шықты. Наурызға арналған ақжарма тілектер ағытылып, балғындар Ұлыстың Ұлы күні туралы өз түсініктерімен бөлісіп, үлкендердің бата-тілегін тыңдап, бір марқайып қалды.

 

 

-Біздің бар мақсатымыз – балалар ертеңгі күні осы шаңырақтан түлеп ұшқанда өз елінің лайықты азаматтары болсын, сол ой көкіректеріне қонып және балалардың мемлекет тарапынан сезінген қамқорлықтарынан басқа біздің де жүрек жылуымызды сезінсе екен деп, барлық ұжымымызбен келдік осында.

 

Ұжым мүшелері өз еріктерімен қуана-қуана келді балғындармен бірге Наурыз тойын тойлауға. Олардың әрқайсы балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап, ән салып, би билеп, мәре-сәре болып қалды.

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында да рухани баю, әрбір адам бала кезінен рухани құндылықтарымызды жоғары қойып, ұлттық сана-сезімді, ұлттық кодымызды жаңғырту мақсаты қойылып отыр.

 

 

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дегендей, еліміздің болашағы осы балалар үлгілі тәлім-тәрбие алып, жақсы азаматтар болып өсуіне өз үлесімізді қосуды жөн санаймыз. Біз – мемлекеттік қызметшілер болсақ та, қызметімізден тыс уақытта осы балалардың тәрбиесіне атсалысуға уақыт тауып, тәрбиелік мәні зор бүгінгідей осы шараны ұйымдастыруға бел будық.

 

 

Жалпы, Наурыз мерекесі әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін! Еліміз –аман, жұртымыз – тыныш болсын. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әрбір отбасына – ырыс, молшылық, әрбір ұжымға – ауызбіршілік, балаларымыздың болашағына тек қана бақыт, жарқын күндер тілеймін,-деді бастама көтеріп, осы мерекенің өтуіне зор үлес қосқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему