Маңғыстау облыстық соты марапатталды
12 Декабря 2017 (20:42) | 2137 | Автор: Нурганым Имашева
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында бірнеше бағыт бойынша өткізілген түрлі байқаулардың жеңімпаздары анықталды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері де марапаттан тыс қалмады.
Соның ішінде мемлекеттік мекемелер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастыру байқауында Маңғыстау облыстық соты II орынға ие болып, департамент басшысының дипломымен марапатталды.
-Маңғыстау облыстық сотының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі ҚР жоғарғы Сотының нұсқаулығына сәйкес, сапалы әрі белсенді қызмет атқарып келеді,-делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.
Суретті түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему