Амал мейрамын ұйымдастырушылар маңғыстаулықтарды Отпан тауға шақырады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Амал мейрамын ұйымдастырушылар маңғыстаулықтарды Отпан тауға шақырады

4 Марта 2019 (21:07) | 4440 | Автор: Нурганым Имашева

Аса қадірлі әлеумет, құрметті ағайын!

 

 

Жыл сайынғы дәстүрден жаңылмаған Маңғыстау биыл да Амал мейрамын тойлауға шақырады!

 

Өткен Амалда Құнанорыс ата ұрпақтарынан ауыспалы Ұран отын қабылдаған Ақпан батыр ұрпақтары жыл бойы тынбай, талмай сегіз жылда бір келер келелі іске жұмылды.

 

Байтақ Қазақстанға сауын айтып, Сыр бойынан бергі жерге шақыру жіберілді. Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысының маңдайалды ақпарат құралдарына Отпан Таудағы Амал мерекесіне шақырулар мен xабарландырулар жарияланды.

 

Тіпті, қазағы көп шоғырланған шет мемлекеттерге де, атап айтқанда Түркия, Ресей, Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан секілді елдерге де осынау Ұлы Тойға шақыру жеделxаттары жолданды.

 

 

Мейрам ортақ, Отпан Адайдікі болғанымен, мерекені күллі қазаққа ортақ етіп әйгілеу, қазақ баласының ортақ тойы дәрежесіне жеткізу басты мұрат.

 

Шет елдерден және Республика көлемінен келетін ғалымдар, академиктер, қоғам қайраткерлері, саясаткерлерден бөлек, Ақпан Батырдың ұрпағы, Кеңес Одағының батыры Жұмағали Қалдықараев атамыздың жатқан жері Беларусь елінен де бір делегация арнайы осы тойға ат басын бұрмақшы. Сыр бойынан Алтын Ата ұрпақтарының арнайы келе жатқаны да көңілімізге зор медеу, үлкен қанағат сезімін сыйлайды.

 

Мерекенің ән-жыр шашуы өз алдына бөлек әңгіме. Республика саxнасының сәні болған өнерпаздардың көпшілігі Амал күні Отпан тау етегіндегі саxнадан маңғыстаулықтарға, тойға келген меймандарға өнерден шашу шашпақ.

 

Балуан күресі, аламан бәйге, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, қошқар көтеру секілді қазақ тойының шырайын кіргізген спорттық жарыстар да ұйымдастырылмақ.

 

Әлбетте, бәсеке байрақсыз болушы ма еді, Бас Бәйгеге автокөлік, мотоциклдер, тұрмыстық теxникалар, тағы да басқа толып жатқан тарту-таралғылар табыс етілмек.

 

 

Жыл сайынғы Амал мерекесінде көрінетін тас түйін татулық пен тұтастық биыл да көрініс табатын реті бар. Сегіз Арыс Адай баласы 40 үйді әкеп тіксе, Той Иесі Ақпан батыр Ауылы 10 үй, аудан және қала әкімдіктері 6 үй тігеміз деген ниетте. Демек, осынау алпысқа жуық ақ боз үйдің есігі мереке күндері айқара ашық, келген мейманға қабақ шытпай қарсы алып, қонағасы беріп шығарып салмақ.

 

Амал мерекесін тойлауға жыл сайын 10-15 мыңдай адам жиналады. Бұл тек маңғыстаулықтар емес, Байтақ Отанның әр түкпірінен Отпанға ағылатын қаймана қазақ баласы. Демек, осынша адамға қызмет қылу үшін ұйымдастыру штабының жұмысы аса жауапкершілікпен ұйымдастырылуы керек.

 

Ұйымдастыру комитетіне Ақпан батыр ұрпақтарымен қатар елдің ат үстіндегі азаматары да қол ұшын созуда. Ортақ іске қолғабыс еткен барша жанашыр жандарға алғыс білдіреміз.

 

Құрметті Маңғыстау, Қымбатты Қазақстан!

 

Наурыздың 13/14 жұлдызында кәрі сеңгір Отпан Тауды бағыт тұтып, иісі Алаштың ортақ мерекесі Амалды тойлауға кел!

 

 

Мұрат біреу, мақсат айқын: Атадан қалған салт-дәстүрімізді ұрпақтар үшін сақтап, Отпан таудың биігінде бірлігіміздің, тәуелсіздігіміздің баяндылығы үшін Бірлік отын жағу!

 

Баршаңызды осынау тамаша мерекені бірге тойлауға, Амал тойынан тағылым алуға шақырамыз!!!

 

2019-жылы14-наурыз күні Шетпе кенті ипподромында өтетін іс шаралар:

сағ.14-00 Көкпар ойыны.

сағ.14-00 Құнан бәйге 7-шақырым.

сағ. 15-00 Аламан бәйге 25-шақырым.

Демеуші Ақпан батыр ұрпақтары.

16-00. Топ тарқатар 1-айналым.

Демеуші Маңғыстау "Ат спорты" федерацисы

 

Ұйымдастыру алқасы Ақпан батыр ұрпақтары.

 

 

Суреттер qazsporttv.kz сайттарынан, «Тумба» газетінің мұрағатынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему