Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды жалғыз тастамауын сұрайды
26 Декабря 2019 (09:27) | 1859 |
Автор: Нурганым Имашева
-Кейінгі кезде балаларды жалғыз қалдырып кеткен кездегі құтқару бойынша есік ашулар көбейіп кетті.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды жалғыз қалдырмауын және жауаптырақ болуларын сұрайды, тіпті азғантай уақыт ішінде ересектер жоқ кезде әр түрлі өрт, терезеден құлау оқыс оқиғалары болуы мүмкін,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметіне сай, Маңғыстау облысында 2019 жылдың басынан бастап барлығы есікті ашудағы авариялық - құтқару жұмыстары бойынша 167 адам құтқарылған, оның ішінде балаларды қалдырып кеткендегі құтқару бойынша 131 бала құтқарылған.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды үйде жалғыз тіпті азғантай уақытқа да қалдырмауын және жауаптырақ болуларын сұрайды.
Суреттер patrul. kz
Зарегистрируйтесь или войдите в систему