Төтенше жағдайлар саласының маусымға дайындығы пысықталуда
1 Марта 2019 (13:48) | 1839 | Автор: Нурганым Имашева
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2019 жылғы 26-27 ақпан аралығында бүкіл ел бойынша,сондай-ақ Маңғыстау облысының аумағында «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».
-Ағымдағы жылы наурыз айының 26-сы күні Мұнайлы ауданында «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының, басқару органдарының дайындығы» тақырыбына «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу (РКШОЖ) өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында дабыл бойынша сигналдық сирена арқылы Мұнайлы ауданының азаматтық қорғау, Мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын, басқару органдарын құлақтандыру жүргізілді, көктемгі кезеңдегі Төтенше жағдайлар туындаған кезде және қауіпі төнгенде тапсырмаларды әзірлікке келтіру үшін, сондай-ақ РКШОЖ бойынша міндеттерін қою үшін аудандық шұғыл әрекет ету отрядтары қызметкерлері жиналды.
Содан кейін су тасқынына қарсы іс-шаралардың дайындығы және өткізуіне жауапты кәсіпорындар мен мекемелер, ауданның жедел ден қою жасағының жеке құрамы мен техникалары жұмылдырылып саптық байқау өткізілд1, - деп хабарлайды Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Суреттерді түсірген Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему