Өрт сөндірушілер арасында мамандық бойынша үздіктер анықталды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 00:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер арасында мамандық бойынша үздіктер анықталды

10 Июня 2021 (12:40) | 1342 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде «Мамандығы бойынша үздігі» байқау-конкурсы жыл сайын өткізіледі және өрт сөндірушілер, қарауыл бастықтары мен бөлімше командирлері арасында үздік мамандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назарали Селимов атап өткендей, біздің қызметкерлеріміз тек жақсы шыныққан дене пішінінде ғана емес, сондай-ақ мықты теориялық білімі болуы тиіс.

Сондықтан жарыстың алғашқы кезеңі теориялық білімді бағалау болды. Әрбір қатысушы тактикалық және техникалық дайындық, газ-түтіннен қорғау қызметі, еңбекті қорғау және алғашқы көмек көрсету бойынша 15 сұрақтан тұратын билетке жауап беруге мәжбүр болды.

Ең қызықты кезеңдер жауынгерлік киім кию, «Драгер» аппаратын бақылау тексерісі, «Б» оқпанымен оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу болды.

Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 өрт сөндіру бөлімінің барлық қатысушылары шыдамдылық пен күш, мінез арқасында жақсы нәтиже көрсетіп, өздерін танытты.

Тартысты күрес нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

- «Үздік өрт сөндіруші» номинациясында – Мұнайлы ауданы № 5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Сарсенгалов Кадаргали;

- «Үздік бөлімше командирі» номинациясында – Басқұдық селосы 12-ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Сарыбаев Мелс;

- «Үздік қарауыл бастығы» номинациясында – Ақтау қаласы 2-МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Азамат Садақбаев.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему