Маңғыстауда судьялардың ІХ спартакиадасының Батыс аймақтық жарысы өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда судьялардың ІХ спартакиадасының Батыс аймақтық жарысы өтті

2 Июля 2018 (17:30) | 2313 | Автор: Нурганым Имашева

Республика судьялары арасында спорт, дене шынықтыру және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтау қаласындағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде судьялардың ІХ спартакиадасының Батыс аймақтық жарысының ашылу рәсімі өтті.

 

 

Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының  әкімі Ералы Тоғжанов, әкім орынбасары Мақсат Сқақов, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, өңірдің спорт, мәдениет, құқық қорғау саласының өкілдері мен сот жүйесінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Бүгінде «Дені саудың - жаны сау» деген ұстаныммен әр екі жыл сайын Судьялар қауымдастығы спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды  дәстүрге айналдырған. Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы  Қ.Мәмидің  бастамасымен  бұл үрдіс 2002 жылдың  қыркүйегінен бастау алған болатын. 

 

 

Ұлт көшбасшысының саясатын жүзеге асыратын дүбірлі додаға Маңғыстау,  Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының  соттарынан, әр соттан  25 адамнан құралған командалар қатысып, ерлер шағын футбол, волейбол, теннис, бильярдтан сынға түссе,  ерлер мен әйелдер үстел теннисі, шахмат және дойбыдан бақ сынады.  

 

 

Облыс әкімі Е.Тоғжанов  спартакиадаға қатысушыларды құттықтай отырып, елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтты.

-Елбасымыз халыққа Жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», - деген болатын.  Әсте спорттың қай түрі болмасын адамның денсаулығын нығайтып, шынығуына оң әсерін тигізетіні өз алдына бөлек әңгіме. Республика судьяларын киелі Маңғыстау жерінде көргенімізге қуаныштымын, барлық ойыншыларға сәттілік тілеймін», - деді аймақ басшысы. 

 

 

Одан әрі Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев тоғызыншы рет өтіп жатқан байрақты бәсекенің Елордамыз Астанаға 20 жыл,  Ақтау қаласына 55 жыл толуы қарсаңында өткізілуі кездейсоқ емес екендігін айтып, сот билігі өкілдерінің тек сот төрелігін жүргізіп қана қоймай, қоғамдық өмірге белсене араласатындығын тілге тиек етті.

 

 

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған киелі өңірде спартакиаданың ашылуы ұлттық стильде ұйымдастырылды. Бұл күні қонақтар назарына Маңғыстаудың мақтанышына айналған ұлттық аспаптар оркестрі, әншілер мен бишілер өнер көрсетсе, республикаға танымал дизайнерлердің ұлттық нақыштағы киім үлгісінің жаңа топтамалары да таныстырылды.

 

 

Салтанатты рәсім соңы дарабоздарды анықтайтын жарысқа ұласты. Жалпы ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орынды шағын футбол мен волейболдан Маңғыстау облысы соттарының командасы иеленсе, теннистен Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Әбу, бильярдтан Ақтөбе облыстық сотының алқа төрағасы Қайырбек Елемесов, дойбыдан ерлер арасында Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы Әділ Куспанов, әйелдер арасында БҚО Қаратөбе аудандық сотының төрағасы Бақытгүл Жангирова, шахматтан ерлер арасында Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық №2 сотының төрағасы Аслан Мұқанов, әйелдер арасында БҚО-дан Қаратөбе аудандық сотының төрағасы Бақытгүл Жангирова, үстел теннисінен ерлер арасында Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Асхат Абдиров, әйелдер арасында БҚО Орал қалалық №2 сотының судьясы  Хатима Ерсенова иеленді.

 

 

«Сонымен қатар, ІІ, ІІІ орын иегерлері мен түрлі номинациялар бойынша үздік ойын көрсеткен ойыншылар да анықталды.

 

Барлық жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды» - деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему