Сапалы қызметке басты назар аударуға бағытталған семинар өтті
13 Декабря 2018 (14:44) | 1692 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында өткен кезекті семинар педиатрия бойынша ұйымдастыру әдістемелік қызметіне арналды. Аудандық аурухана директорының орынбасарлары мен аурухана дәрігерлерінің қатысуымен өткен семинарда қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова, дәрігер-cтатист Жансая Қаржаубаева, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Балғалыев баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
-2018 жылдың қазан айында қабылдау бөлімінің көмегіне 2780 адам жүгінді. Оның ішінде ауруханаға жатқызылғандар саны-560. Жолдамамен келгендері-281 болса, жолдамасыз қаралғандары-1385,-деген қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова дәрігерлер тарапынан жасалған кемшіліктерді тізіп шықты.
Н. Арықованың айтуынша, науқас балаға дұрыс мәлімет бермеу, ауру бастала салысымен резервтегі антиобиотиктердің тағайындалуы, уақытылы баланы келіп қарамау, науқас балаға күтімі жөнінде мәліметтің уақытылы берілмеуі, 2 айға дейінгі балаға жөтелге қарсы сироптардың тағайындалуы, 4-5 күн қызулаған және жөтелі бар баланы «Пневмония» диагнозымен толық тексерусіз ауруханаға жіберу сияқты қателіктер күн санап өсіп отыр.
-Амбулаторлы ем алуға мүмкіндігі бар науқастарды стационарлы емге жіберулер саны көбейді. Ол жерде сендерді қарайды және өздері жатқызады деп жіберіледі екен. Бірнеше күн іші қатып жүрген балаларды клизма жасалынбай, бізге жіберу жиілеп отыр.
Неге амбулаторияларда клизма жасалынбайды? ОБА-да окулист маманының жоқтығына қарамастан көз ауруларымен ауырған балаларды жіберу көбейді.
Емхананын ЛОР дәрігерлерінің амбулаторлы емдеуге жататын науқастарды мысалы, құлақтарын жууға ауруханаға жіберулер және де шұғыл түрде ЛОР дәрігеріне қаралу керек балаларды АПП бойынша жіберулер де азаймай отыр,-деді Н. Арықова.
Сондай-ақ, семинарда дәрігер-cтатист Жансая Қаржаубаева жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша баяндама жасады.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Астана қаласындағы республикалық балаларды оңалту орталығында аймақтың 1476 бүлдіршіні және «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында облыстың 825 баласы тізімде тұр.
Өз кезегінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Балғалыев науқастарды тасымалдау бойынша жіберілген қателіктер бойынша әңгімелеп, ескертулер айтты. Бұл туралыбіздің басылымға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему