Ақтаулық оқушылар фотокөрме өткізді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 19:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушылар фотокөрме өткізді

8 Мая 2018 (10:01) | 2241 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамырдың 2-сі мен 4-і аралығында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Телестудия» үйірмесінің оқушылары «Көктем» атты фотокөрме ұйымдастырды.

 

 

Олар аталған көрмені №7 Н.Марабаев атындағы мектеп лицейінде және зияткерлік мектепте өткізді. Көрмені оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, облыс тұрғындары тамашалады.

 

-Телестудия үйірмесіне 2017 жылдың желтоқсанында «НКОК» компаниясының қайырымдылық бағдарламасы бойынша демеушілік көмек жасалып, студияға қажетті Canon EOS 5D Mark III Body кәсіби фотоаппараты мен камераның еркін қозғалуына мүмкіндік беретін DJI Ronin-M тұрақтандырғыш (стабилизатор) алып берілген болатын.

 

 

Аталған шара бізге сыйланған техниканың мүмкіндігін және оқушылардың фото түсірудегі қабілеттерін көрсету үшін ұйымдастырылып отыр, - дейді үйірме жетекшісі Рысгүл Рамазанова көрме туралы.

 

Оқушылар көрмеге 22 ерекше сурет қойды. Олар «Мектеп өмірі», «Портрет» және «Көктем» сериясындағы фотолардан тұрды.

 

 

Үйірме қатысушылары әр фотоның түсірілу тарихы мен өзгеше маңызы бар екенін айтады.

 

Фотокөрмеге қойылған суреттердің дені көктем уақытында түсірілген. Біздер мектеп ішіндегі маңызды шараларды фотоға және видеоға түсіріп, арнайы видеорепортаждар дайындаймыз және мектептің медиаархивін қалыптастыруға атсалысамыз.

 

Үйірмедегі достарыммен бұл көрмеге жарты жыл дайындалдық. Расын айтқанда, бұл біздің оқу жылындағы атқарған жұмыстарымыздың есебі іспеттес, - дейді жас фототілші Диана Маратқызы.

 

 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қазіргі таңда фотоға түсіру құралдарының мүмкіндіктері дамығанмен, барлығы шынайы әдемілікті көрсете алмайды. Сол үшін де балалар фотокөрмені жиірек өткізуді жоспарлап отыр.

 

Сондай-ақ, заманауи құрылғылардың көмегімен үйірме тәрбиеленушілері 2017 жылдың ақпан айында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты кинофестивалінен әр түрлі номинация бойынша бес жүлдеге ие болған.

 

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему