Аймақ жастарын бір мақсатқа жұмылдырған жиын
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақ жастарын бір мақсатқа жұмылдырған жиын

6 Февраля 2019 (14:10) | 1487 | Автор: Нурганым Имашева

Кешегі күні «жастар жылының» басталуына орай «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер» атты өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды шараны Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, мемлекеттік мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды жастар, медиа саласының өкілдері, «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелері және өз ісімен қоғамға пайда әкеліп, өзгелерге үлгі болып, белсенділік танытқан бір топ жастар қатысып сөз сөйледі.

 

Ұйымдастырушылардың форумды өткізудегі көздеген мақсаты - өңірде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шараларды айқындау, жастар жүзеге асырған жаңа табысты жобаларды таныстыру болатын.

 

 

Жастар форумында:

-Жастар жылы – ол жастарға деген сенімнің және оларға артқан жауапкершіліктің жүгі салмақты екенін көрсетеді. Оны біздер, жастардың бастамалары мен олардың түйінді мәселелерін шешуге бағытталған мүмкіндік деп түсінуіміз қажет. Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында, - деп, өңір басшысы Ералы Тоғжанов Маңғыстау жастарына жастар жылын салтанатты ашып берді.

 

Облыс әкімі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастармен кездесуіндегі әлеуметтік қолдауға бағытталған маңызды қадамдарын атап өтіп, ұсынылған жаңа бағдарламаларды қолдауға шақырды. Сонымен қатар, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақ жастарын әлеуметтік қолдау бағытында мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар жүктеді.

 

Мәселен, жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында «Бастау бизнес» жобасы арқылы 800 жасты оқыту, 2019-20 жылдары 500 орындық, 2021-22 жылдары 500 орындық жатақхана салу, жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранттарының саны 175-ке дейін көбейту, өңірде жоғары сапалы мамандарды дайындайтын 10 колледждің оқу бағдарламасы мен оқытушылар құрамын жаңартып, шетелдік мамандарды тарту.

 

Сонымен қатар, Ақтау қаласында 210 орынға арналған жатақхананы жастардың игілігіне пайдалану үшін іске қосу, соның ішінде, туризм колледжіне 160 орындық жатақхана және гуманитарлық колледжге 320 орындық студенттер жатаханасын беру.

 

 

Ш.Есенов атындағы университетте 2019-20 жылдары 500 орындық, 2021-22 жылдары 500 орындық жатақхана салу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 250-ге тарта жасты ауылдық жерлерге тарту сияқты жастардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал етіп, олардың әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жоспармен бөлісті.

 

Форумдыұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Аймақ жастары мүдделі мекемелермен бірлесе отырып 2019 жылға арналған жол картасы аясындағы 100 нақты шараны іске асырады.

 

Атап айтқанда ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 221 жас ауылдық жерлерге тартылып, оларға көтерме ақы беріледі.

 

«Жастар практикасы» жобасы арқылы мыңнан аса жас жұмыс орындарына жолданып, одан әрі тұрақты жұмыспен қамту шаралары қабылданады.

 

«Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек.

 

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында «Бастау бизнес» жобасы арқылы 800 жасты оқыту жоспарланған. «Жас кәсіпкерлер қауымдастығы» құрылады.

 

 

Бүкіләлемдік банк әлеуметтік грант есебінде әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Бұл әдіс жүздеген маңғыстаулық жас үшін кәсіпкерліктің бастауы болмақ.

 

2019-20 жылдары 500 орындық, 2021-22 жылдары 500 орындық жатақхана салу жұмыстары қолға алынды.

 

Орта және кәсіптік техникалық білім ордаланың студенттеріне биыл 730 орындық жатақхана беріледі. Қосымша жатақхана салу үшін 2 жер телімі қарастырылды.

 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша өткен жылы 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы. Биыл бағдарлама арқылы жас отбасыларға тұрғын үй алу үшін алғашқы жарнаның 10 пайызын субсидиялау механизмі қабылданып, берілетін болады.

 

Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру, оларды қоғамдық-мәдени ортаға тарту мақсатында 500-ге тарта түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Мәселен, 2 ірі халықаралық шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Бірінші, тамыз айында Ақтау саммитінің 1 жылдығы аясында Маңғыстауға шекаралас мемлекет жастарының «Жастар достығы – 2019» форумы. Екінші халықаралық ауқымды шара – Жастар марафоны. Мамыр айына жоспарланған шараға тек Каспий маңы емес, дүниежүзі елдерінен ниеттілер қатыса алады. Бұл шара – Ақтаудың танымалдылығына, Маңғыстау облысының имиджіне оң әсерін тигізеді.

 

 

Маусым айында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» мақалалары аясында «Өз тарихыңды танып біл» атты жастардың республикалық экспедициясы өткізіледі. Ауқымды экспедиция Маңғыстаудан бастау алып, одан әрі Атырау (Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері), Орал (Бөкей орда), Ақтөбе (Қобыланды батыр кесенесі), Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Есік қорғаны, Астана қалаларын араламақ.

 

Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында «Жас ғалымдар» форумы өтеді.

 

«Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде өтетін көшпелі жастар кездесу-тренингі. Республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады.

 

Жас блогерлердің медиа-туры қыркүйек айына жоспарланған шараға әлеуметтік желіде танымал жастар, вайнерлер қатыстырылмақ».

 

Суреттерді түсірген облыстық жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему