Үш кубок Маңғыстау облыстық сотының қоржынында!
18 Июля 2019 (10:30) | 1860 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының судьялары мен сот қызметкерлері Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы бастамасына қолдау көрсетуде.
Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жалпы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткен облыстық спартакиадаға аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары, сот қызметкерлері қатысты. Олар шағын футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, теннис секілді спорттың 9 түрінен ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы шағын футбол мен баскетболдан және әйелдер арасындағы волейболдан Маңғыстау облыстық сотының командалары жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, үш бірдей кубокты жеңіп алды.
Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық сотының жетекші маманы Фариза Қазбекқызы волейболдан, Жаңаөзен қалалық сотының сот приставы Темірлан Зәкір мен Тергеу сотының бас маманы Олжас Демегенов баскетболдан облыс бойынша «Үздік ойыншы» номинациясыларын жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар спартакиаданың арнайы кубоктарымен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Ерлер арасындағы волейболдан үздік ойын көрсеткен сот қызметкерлері Темірлан Зәкір мен Дінмұхаммед Қуантаев Павлодарда өткен республикалық кезеңге қатысты.
Маңғыстау облыстық сотының бас төрешісі, команда капитаны, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев судьялар мен сот қызметкерлерін спорттық шараларға жұмылдырып, арнайы спорттық кешендерде ұдайы дайындық жүргізіп келеді.
Бүгінде Маңғыстау облыстық сотының 60-тан аса судьялары мен сот қызметкерлері жұмыстан бос уақыта тұрақты түрде арнайы спорт кешендерінде дене шынықтырумен айналысып, сот ұжымында өзара психологиялық түсіністік ахуалын қалыптастырып келеді.
Фото Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінікі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему