Сот саласының қызметкерлері заңнамаларды талқылауға арналған жиында басқосты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 09:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот саласының қызметкерлері заңнамаларды талқылауға арналған жиында басқосты

3 Февраля 2019 (12:34) | 2274 | Автор: Нурганым Имашева

-Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүктемесін оңтайландыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында «Қазіргі заман жағдайында сот жүктемесін оңтайландыру» атты тақырыпта семинар өткізілді,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

 

Азаматтық-процессуалдық мәселелерді талқылауға сот төрағалары мен судьялар, мемлекеттік және құқықтық орган басшылары мен өкілдері, сот орындаушылар, нотариустар қатысты.

 

Апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев өз сөзінде сот жүктемесін оңтайландыру күн тәртібінен түспейтінін айтып, бұл жолғы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар судьялардың назарын күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 

Іс шара одан әрі «Нотариат туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылырының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді талқылаумен жалғасты. Судьялар заңмен енгізілген жаңа нормалар туралы баяндама жасады. Бұйрық арқылы іс жүргізудің 18-талабының 9-ы нотариатқа, оңайлатылған тәртіппен іс жүргізудің 12 санатының 10-ы бұйрықтық іс жүргізуге берілетіні аталып айтылды. Қатысушыларға заңнамаларды біркелкі қолдану тәжірибесі туралы ұсынымдар берілді.

 

 

Семинарға қатысушылар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ойларымен бөлісіп, жалпы өзгерістің атқару өндірісіне қатысты тараптардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын айтты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему