Жаңаөзен қаласында тәртіп сақшылары заңсыз букмекерлік кеңселерді анықтады
30 Января 2019 (15:56) | 1558 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.
-Жаңаөзен қаласы бойынша 2019 жылдың қаңтар айының 01-25 күндері аралығында рейдтік шара барысында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлермен заңсыз жасап тұрған букмекерлік кеңселер анықталды.
Атап айтқанда, 4 қаңтар күні сағат 00:00 шамасында Жаңаөзен қаласы Рахат-1 шағын ауданында көше бойында орналасқан атауы жоқ заңсыз жұмыс жасап тұрған «Инбет» букмекерлік кеңсесі ұсталып, ішінен 7 дана монитор, 7 дана жүйелік блок дәлелді зат ретінде алынды.
Сондай-ақ, басқа да 8 букмекерлік кеңселер анықталып, олардан да мониторлар, жүйелік блоктар, кассалық аппараттар, сканерлер, чек аппараттары, пернетақталар, қатты дискілер, бейнебақылау, теледидарлар дәлелді зат ретінде тәркіленіп алынды.
Барлық деректер бойынша жинақталған құжаттар Жаңаөзен қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Суреттер 2gis.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему