«ГМ-172/10 мекемесінің» кезекші бөлімінің жағдайы туралы
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«ГМ-172/10 мекемесінің» кезекші бөлімінің жағдайы туралы

15 Февраля 2019 (11:53) | 2191 | Автор: Нурганым Имашева

«ГМ-172/10 мекемесі» қауіпсіздігі аралас мекеме болып табылады.

 

 

Оған сотталғандарды әр түрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер; бас бостандығынан айырылуға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не басқа мекемелерден келген адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.

 

Осы сотталғандардың және тергеу-тексеру жүргізіліп жатқан бұлтартпау шара ретінде қамауға алу қолданынған адамдардың тәртіптерін мінез-кұулқын, денсаулықтарын, кезінде тамақтануларын, ауырған кезде дәрігерлерге көрсету және т.б. үшін мекемеде күнделікті кезекшілік жұмыс жасалады.

 

Тәуліктік ведомосты журналында кезекші ауысымға кіретін қызметкерлердің қай бақылау объектісінде, қандай қызмет атқаратындары көрсетіледі.

 

Кезекші ауысым өз міндеттерін қарусыз атқарады, оларға рұқсатпен тек бірге алып жүруге арналған радиостанция, ал қажет кезінде өзіне қорғануға арналған құралдар беріледі және олар жұмыстары басталар алдында 30 минут бұрын мекемеге келеді.

 

 

Кезекшілікке түсетін қызметкерлерге мекеме бастығы мен оның орынбасары, кезекке түсетін және кезектен шығатын ауысым кезекшілері нұсқаулық өткізеді.

 

Оның кезінде қызметкерлердің сотталғандарға қадағалау жүргізу тәртіптері мен нормативтік актілерді білулері тесеріледі.

 

Кезекшілекке түсетін жеке құрамға мекемедегі жағдайлар айтылады, барлығына жеке тапсырмалар беріледі, жеке олардың орындалу тәртіптері мен басқа қадағалау топтарымен бірге жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі, оларға объектілері, посттары мен қызмет орындары бекітіледі, сотталушыларды қадағалау, заң талабын сактау түсіндіріледі.

 

Кезекшілекте болған кіші инспекторлар оперативтік кезекшінің қадағалауымен ауыстырылады, ал өндірісті калкан пен объектте болған қызметкерлер инспекторлардың қадағалауымен ауыстырылады.

 

Тексеру қорытындысы тәуліктік ведомосы қадағалау журналына жазылады, ал егер тексеру кезінде жұмыс пен тәртіптің бүзылуы жол алса, онда ол қызметкердің орнына басқа қызметкер қойылуы арқылы әрі қарай жұмысын жасаудан шеттетіледі, ол туралы тәуліктік ведомость журналына ақпарат енгізіледі.

 

Ал жұмыстаға кемшіліктер анықталған жағдайда, олар ескерту мен ұсыныс кітабына жазылады.

 

Кезекші ауысымның жұмысын кезекшілік біткен соң бағалайды, ол бағаны ауысым бастығы не оның орынбасары кезекшілердің кезекті тапсыру-қабылдау рапорттары тіркелетін журналда көрсетеді.

 

Т.Бисеков

Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры

Суреттер ctc-rk.kz, holanews.kz, kz.otyrar.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему